Page 72 - indexf
P. 72

Сәйкесінше, жасы, жынысы, функциялық дайындықтары
(жаттықтырылу дәрежесі) әртүрлі адамдар мен түрлі жағдайлардағы
орындаған жаттығудың физикалық қуаттылығы көрсеткіштері түрлі
спорттық жаттығуларды бірыңғай физиологиялық жүйелеуде кри-
терий ретінде қолданылмайды. Сондықтан жіктеу белгісі ретінде
көбіне, физиологиялық қуаттылық немесе физиологиялық жүктеме
пайдаланылады.

    Осындай көрсеткіштердің біріне сол жаттығуды орындаудың
шекті уақыты жатады. Неғұрлым физиологиялық қуаттылық («жұ-
мыс ауырлығы») жоғары болған сайын жұмыстың орындалуының
шекті уақыты қысқарақ келеді. Түрлі арақашықтыққа жету
жылдамдығы мен шекті (рекордтық) уақыт арасындағы тәуелділікті
әлемдік рекордтар мәліметтері бойынша В. С. Фарфель талдай оты-
рып, «рекордтар қисық сызығын» салыстырмалы қуаттылықтың
4 зонасына бөлді: максималды қуаттылық зонасы жаттығудың шекті
ұзақтығы 20 секундқа дейін, субмаксималды қуаттылық зонасы
20 секундтан 3-5 минутқа дейін, үлкен қуаттылық зонасы 3-5 ми-
нуттан 30-40 минут және бірқалыпты қуаттылық зонасы 40 минут-
тан жоғары. Спорттық циклдік жаттығуларды осылайша жіктеу кең
тараған.

    Физиологиялық қуаттылыққа сипаттама беруді тағы бір қырынан
алып қарағанда салыстырмалы физиологиялық өзгерістерді
анықтауға келіп саяды. Бірдей сол дене жүктемесіне жауап беруші
физиологиялық реакциялардың сипаты мен мөлшері ең алды-
мен, жетекші физиологиялық жүйелердің шекті қызметтік
мүмкіншіліктеріне байланысты. Неғұрлым қызметтік мүмкіндіктері
жоғары адамдарда қызметтік мүмкіндіктері төмен адамдарға
қарағанда бірдей дене жүктемесін орындау кезінде жетекші
жүйелерде реакция мөлшері (физиологиялық ығысу) азырақ болса,
сәйкесінше, жетекші (және басқа да) жүйелерге және тұтас организм-
ге физиологиялық жүктеменің әсері салыстырмалы төмен болады.
Бірдей дене жүктемесі біріншілерге қарағанда, екіншілерге салыс-
тырмалы қиынырақ («салмақтырақ»), сәйкесінше, оны орындаудың
шекті уақыты қысқарақ. Біріншілер екіншілер орындай алмайтын
үлкен дене жүктемелерін орындауға қабілетті.

    Сайып келгенде, спорттық жаттығуларды физиологиялық
жіктеуде салыстырмалы физиологиялық қуаттылық көрсеткіштері:
физиологиялық жүктеме, физиологиялық ширығу, жұмыс ауырлығы

           72

⇐ МАЗМҰНЫ
   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77