Page 93 - indexf
P. 93

өзгерістердің организмді алдында тұрған әрекеттерді табысты
орындауға даярлауда маңызы зор.

    Ерте сөре алдыңғы күй жарысқа дейін бірнеше күн, сөре
алдыңғы күй спорттық жарыстар атмосферасына түскен кезде,
сөрелік күй сөреге бірнеше минут немесе секунд қалғанда туын-
дайды. Спортшының сөре алдыңғы функциялық күйі өзгерістерін
алдыдағы жұмыстардың орындалуы үшін қозғалыс және вегетатив-
тік қызметтердің мобильденуімен жүретін организмнің биологиялық
мақсатқа лайықты бейімделу реакциялары ретінде қарастырған жөн.
Бұл өзгерістер ОЖЖ қозғыштығының жоғарылауымен, бұлшық ет
әрекетінің сол түріне тән қозғалыс доминантасының жасалуымен
сипатталады.

    Сөреге, дене жүктемелеріне спортшының даярлығы дегеніміз
– дене жүктемесіне қажетті сапаны қамтамасыз ететін тыныштық
күйден қысқа уақытта жұмысқа көшуге, қолайлы жұмыс
қабілеттілігіне жетуге, жұмыстың бір түрінен немесе қарқындылығы
басқа деңгейге ауысуға дайындығы. Сөре алдыңғы күй кез келген
жұмыс әрекетіне тән. Ол жоғары жетістіктерге жету спортында анық
көрінген.

    Қызметтердің сөре алдыңғы өзгерістері бұлшық ет жұмысы
басталуына дейін, яғни бірнеше минутқа, сағатқа және жауапты
жарыстар кезінде тіпті, күндерге созылатын белгілі бір кезеңдерде
жүреді. Кейде функциялық өзгерістері ерекше айтарлықтай бо-
лып келетін сөренің алдындағы (жұмыстың алдындағы) соңғы
минуттарға тән жеке сөрелік күйді бөліп қарастырады. Ол жұмыс
басындағы қызметтердің жылдам өзгеру фазасына (бабына келу
кезеңіне) тікелей ауысады.

    Сөре алдыңғы күйде организмнің түрлі физиологиялық
жүйелерінің сан алуан қайта құрылулары жүреді. Бұл қайта
құрылулардың көпшілігі сол жұмыс кезінде жүретін қайта
құрылулармен ұқсас: тыныс алу жиілейді және тереңдейді, яғни
ӨВ өседі, газ алмасу (О2 пайдалану) күшейеді, жүректің жиы-
рылуы жиілейді және күшейеді (жүректің минуттық қан көлемі
өседі), артериялық қан қысымы жоғарылайды, бұлшық ет пен
қандағы сүт қышқылы концентрациясы артады, дене температура-
сы жоғарылайды және т.б. Осылайша организм әрекеттің басталуы-
на дейін қайсыбір «жұмыс деңгейіне» ауысады және бұл көбіне
жұмыстың табысты орындалуына мүмкіндік береді (К. М. Смирнов,
1986).

                                       93

⇐ МАЗМҰНЫ
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98