Page 94 - indexf
P. 94

Сөре алдыңғы қызметтердің өзгерістері өзінің табиғаты жағынан
шартты рефлекстік жүйкелік және гуморалдық реакциялар болып
табылады. Аталмыш жағдайда шартты рефлекстік тітіркендіргіштер
ретінде орындалатын әрекеттің орны, уақыты, сонымен қатар
екінші сигналдық, сөздік тітіркендіргіштер болып саналады.
Мұнда эмоциялық реакциялар маңызды рөл атқарады. Сондықтан
организмнің функциялық күйінің неғұрлым шұғыл өзгерістері
спорттық жарыстар алдында байқалады. Мұнда сөре алдыңғы
өзгерістер дәрежесі мен сипаты көбіне, спортшы үшін сол жарыстың
маңыздылығымен тура байланыста болады.

    Сөре алдында оттегі пайдалану, негізгі алмасу, ӨВ тыныштық
күйдің кәдімгі деңгейінен 2-2,5 есе жоғарылауы мүмкін. Қысқа
қашықтыққа жүгірушілерде, тау шаңғышыларында сөре кезінде
ЖЖЖ минутына 160 екп/мин-на жетуі мүмкін. Бұл мидың лим-
бия жүйесімен (гипоталамус, ми қыртысының лимбиялық үлесі)
белсенетін симпатикалық-адреналдық жүйе қызметінің күшеюімен
байланысты. Бұл жүйелер белсенділігі жұмыстың басталуына дейін
артады. Ол норадреналин және адреналин концентрациясының
жоғарылауынан көрінеді. Катехоламиндер және т.б. гормондар
ықпалынан бауырдағы гликоген, май қорындағы майлардың ыды-
рау үдерістері жылдамдайды. Сондықтан жұмыстың басталуына
дейін қанда глюкоза, бос май қышқылдары сияқты энергиялық суб-
страттар мөлшері жоғарылайды. Холинэргиялық жүйкелер арқылы
симпатикалық белсенділіктің күшеюі қаңқа бұлшық еттеріндегі
гликолизді интенсификациялап, олардың қантамырларының кеңеюін
(холинэргиялық вазодилятация) тудырады.

    Сөре алдыңғы өзгерістер деңгейі мен сипаты көбіне, сол
жаттығудың өзін орындау кезінде жүретін функциялық өзгерістердің
ерекшеліктерімен сәйкес келеді. Мысалы, неғұрлым жүгіру
арақашықтығы қысқа болған сайын, яғни жаттығуды орындау
кезінде ЖЖЖ жоғары болған сайын сөре алдында орташа ЖЖЖ
соғұрлым артады. Орташа қашықтыққа жүгіруді күту кезінде
систолалық көлем қысқа қашықтыққа жүгіру алдындағы мөлшерге
қарағанда, салыстырмалы көбірек артады. Сонымен сөре алдыңғы
физиологиялық қызметтердің өзгерістері негізінен арнайы болады.

    Сөре алдыңғы күйдің ерекшеліктері көбінесе, спорттық жұмыс
қабілеттілікті анықтауы мүмкін. Барлық жағдайлардың бәрінде сөре
алдыңғы күйде орын алған өзгерістер спорттық нәтижеге жағымды

           94

⇐ МАЗМҰНЫ
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99