Page 100 - indexf
P. 100

3)	 бағалау объектісін заттай өлшеу құжаттары және заңнамаға
сәйкес осындай жұмыстарды орындауға құқығы бар мамандандырыл-
ған ұйымдар жүргізген жақсартылған жерлердің табиғи, техникалық
жай-күйін растайтын құжаттар.

    Көрсетілген бастапқы деректер мүлікті бағалау туралы есепке қоса
беріледі.

    Алмастыру құны, әлде қалпына келтіру құны мынадай әдістердің
көмегімен есептеледі:

    1)	 элемент бойынша есептеу әдісі – бірыңғай аудандық бірліктік
бағалаулар жинақтарын, сметалық нормалар мен қағидаларды, сме-
талық нормалар мен бағалауларды және басқа да нормативтерді пай-
далану негізінде қалпына келтіру немесе алмастыру құнын айқындау;

    2)	 құнының іріленген жалпыланған көрсеткіштерінің әдісі –
іріленген керсеткіштер жинақтарын пайдалану негізінде алмастырудың
толық құнын айқындау;

    3)	 үлесті көрсеткіштер әдісі – тұтынушылық пайдалылықтың не-
месе қуаттылық бірліктерінің (төсекорын, МВт, мың теңге, мал орны
және т.б.) біріздендірілген көрсеткіштерінің негізінде жылжымайтын
мүліктің қалпына келтіру құнын немесе алмастыру құнын айқындау
тәсілі;

    4)	 индекстеу әдісі – тиісті трендіге объектінің теңгерімдік құнын
түзету тәсілі – жылжымайтын мүліктің хронологиялық жасының
ішінде құрылыс құнын өзгерту индекстерін шығару.

    Жылжымайтын мүліктің жинақталған тозу шамасы табиғи,
функционалдық және сыртқы әлде экономикалық тозулардың
жиынтығына тең. Табиғи тозу жойылатын және жойылмайтын болады.
Жойылатын табиғи тозу табиғи тозу белгілерін жою салу, ауыстыру,
ағымдағы жөндеу шығындарының сомасына тең.

    Жойылмайтын табиғи тозу, егер барлық конструкциялық
элементтердің орташа өлшенген тозу шамасы ретінде түрлі өмір сүру
мерзімі болса, конструкциялық элементтерге бөлу әдісімен есептеледі.
Конструкциялық элементтің тозуы тиімді жасты белгіленген нор-
мативтер бойынша қабылданатын экономикалық жарамдылық
мерзімі қатынасына тең. Жылжымайтын мүлік объектісінің тиімді
жасы пайдаланудың табиғи жай-күйі, сыртқы түрі, жинақталған то-
зуы, экономикалық факторы ескеріліп, хронологиялық жас негізінде
айқындалады. Конструкциялық элементтердің экономикалық жарамды-
лығының нормативтік мерзімі, ресми белгіленген нормативтер бо-
йынша айқындалады. Нормативтер болмаған жағдайда және тиісті
негіздемелер кезінде табиғи тозуды бағалау күнінде конструкциялық

           100

⇐ МАЗМҰНЫ
   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105