Page 97 - indexf
P. 97

ғындардың арасындағы айырым, ренталық табыс – жер учаскесінде
алынатын өнімді іске асырудан күтілетін жалпы табыстың және
өндірістік шығындар мен өндірушінің кірісі арасындағы айырым
ретінде есептеледі;

    3) есептік таза операциялық кіріс ретінде бірнеше жылға та-
бысты орташаландыру жолымен алынған бір жылға қалыпты таза
операциялық табыс түсініледі;

    4) капиталға айналдыру ставкалары мен оның есебін айқындаудың
бағалау рәсімін таңдауды негіздеу;

    5) таза операциялық табысты немесе ренталық табысты капиталға
айналдыру ставкасына бөлу арқылы бағалау объектісінің құнын есеп-
теу.

    Капиталға беру нормасы бойынша капиталға айналдыру әдісі –
ақша ағындарының өзгеру және біркелкі емес түсу жағдайларына
сүйене отырып, жылжымалы мүлікті пайдаланумен байланысты
тәуекел дәрежесіне орай құнды айқындайды.

    Капиталға беру нормасы бойынша капиталға айналдыру әдісі
ақша ағындарын дисконттау әдісі және есептік модельдер бойынша
капиталға айналдыру әдістеріне бөлінеді.

    Дисконттау әдісі бағалау рәсімдерінің мынадай реттілігін көздейді:
    1) болжам жасау кезеңін айқындау;
    2) болжам жасау кезеңінің шекараларында жылдар, тоқсан неме-
се айлар бойынша жалпы табысқа, операциялық шығындар мен таза
операциялық табысқа (ренталық табысқа) болжам жасауды кезеңнің
алдындағы таза табыс шамасы туралы деректердің негізінде желілік
регрессия әдісімен жүргізу ұсынылады;
    3) дисконт ставкаларын айқындаудың бағалау рәсімін таңдау
негіздемесі мен оның есебі;
    4) таза операциялық табыстың (ренталық табыстың) ағымдағы құн
сомасы ретінде ақша ағынының ағымдағы құнын айқындау;
    5) реверсиялау құнына және оның ағымдағы құнының есебіне бол-
жам жасау;
    6) ақша ағынының ағымдағы құны мен реверсияның ағымдағы
құнының сомасы ретінде бағалау объектісінің құнын айқындау.
    Есептік модельдер бойынша капиталға айналдыру әдісі – ка-
питалдан қайтару нормасы бойынша капиталға айналдыру әдісі бо-
лып табылады. Мұнда, нарықтық құнды бағалау үшін бірінші жылға
тән табысты, табыс пен құнның болашақта өзгеру тенденциясын тал-
дау негізінде алынған есептік модельдерді пайдалану арқылы, құнға
өзгертеді.

           97

⇐ МАЗМҰНЫ
   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102