Page 99 - indexf
P. 99

жымайтын мәдени мұра ескерткіштерін, құрылыстарды, таратушы
құрылғыларды және т.б. бағалау кезінде де қолданады. Экономикалық
тұрғыдан мақсатқа сай келген жағдайда бағалау объектілерінің
нарықтық құнын айқындау үшін шығындық амал пайдаланылады.

    Жақсартылған жерлері бар жер учаскелерін бағалауды жүргізу
үшін шығындық амалды қолдану, бағалау объектісін алмастырудың,
яғни қалпына келтірудің қалдық құнын айқындаудан тұрады. Қалпына
келтірудің қалдық құны, оны қолданыста пайдалану уақытында,
жақсартылған жерлерді қалпына келтірудің қалдық құны мен жер
учаскесінің және жер учаскесімен байланысты құқықтардың нарықтық
құнынан тұрады.

    Қалпына келтіру әдісі, әдеттегі, ауыстыру мүмкін емес объектіні
бағалауды жүргізу үшін, сондай-ақ бағалау объектісін қолданыста
пайдалану оны мейлінше тиімді пайдалануға сәйкес келген жағдайда
қолданылады.

    Алмастыру әдісі, әдеттегі, үлгі жоба бойынша салынған немесе са-
лынатын объектіні алмастыру құнын айқындау үшін немесе бағалау
объектісін оның бастапқы түрінде қалпына келтіру экономикалық
мақсатқа сай келген жағдайда қолданылады.

    Жақсартылған жері бар жер учаскелерін бағалау немесе шығындық
амал әдістерін қолданып, жақсартылған жерлерді бағалауда бағалау
рәсімдерінің мынадай реттілігі көзделеді:

    1)	 оны қолданыста пайдалану уақытында жер учаскесінің, жер
учаскесімен байланысты құқықтардың нарықтық құнын айқындау;

    2)	 жақсартылған жерлерді қалпына келтіру құнын немесе алма-
стыру құнын айқындау;

    3)	 жақсартылған жерлердің тозу, құнсыздану шамасын есептеу;
    4)	 бағалау объектісін ауысстырудың, яғни қалпына келтірудің
қалдық құнын оны қолданыста пайдалану уақытында жер учаскесінің,
жер учаскесімен байланысты құқықтардың нарықтық құнының ша-
масына ұлғайтылған жақсартылған жерлердің ауыстыру, яғни қалпына
келтірудің құны мен тозу шамасының арасында айырым ретінде
айқындау.
    Жақсартылған жерлердің табиғи сипаттамалары туралы бастапқы
деректер мыналар болып табылады:
    1)	 техникалық паспорт;
    2)	 егер осы объектіні сәйкестендіру уақытында, оның нақты табиғи
сипаттамалары мен осындай құжаттаманың арасында алшақтықтар
айқындалмаған жағдайда бағалау объектісі құрылысының жобалық-
сметалық құжаттамасы;

           99

⇐ МАЗМҰНЫ
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104