Page 103 - indexf
P. 103

9-тарау. Жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау қызметі және
                                 оны лицензиялау

9.1 Бағалау қызметі және оның субъектілері мен объектілері

    Қазақстан Республикасында бағалау қызметінің нормативтік
– құқықтық базасының негізгі құжаты, 2000 жылғы 30 қарашада
қабылданған №109 «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі
туралы» Заңы болып табылады. Осы Заң бағалау объектiлерiнiң
нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеу мақсатымен бағалау
қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi,
бағалау қызметi субъектiлерiнiң олардың құқықтары мен мiндеттерiн
айқындайды.

    Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген. Заң 6-та-
рау 22 баптан тұрады.

    Бірінші тарау «Жалпы ережелер» алты баптан қалыптасқан.
    1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заң-
    намасы.
    2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар.
    3-бап. Бағалау қызметінің негізгі принциптері.
    4-бап. Бағалау қызметінің субъектілері.
    5-бап. Бағалау объектiлерi.
    6-бап. Бағалау түрлерi.
    6-1-бап. Салық салу объектілерінің құнын айқындау саласындағы
    мемлекеттік монополия
    Екінші тарауда «Бағалау қызметін жүзеге асырудың негіздемелері
мен шарттары» келесі баптар қарастырылған:
    7-бап. Бағалау жүргiзудiң негiздемелерi.
    8-бап. Бағалау жүргiзу шартына қойылатын мiндеттi талаптар.
    9-бап. Бағалау туралы есептiң мазмұнына қойылатын талаптар.
    10-бап. Бағалаушының тәуелсiздiгi
    10-1-бап. Бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
    сақтандыру.
    10-2-бап. Бағалау стандарттары.
    Үшінші «Бағалаушының құқықтары мен міндеттері» тара-
уын және оған құрамдас 3-1 «Бағалаушылар палаталары» тарауы
қосымшаларымен үш баптан тұрады. Олар:
    11-бап. Бағалаушының құқықтары.

           103

⇐ МАЗМҰНЫ
   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108