Page 102 - indexf
P. 102

нақты жылжымайтын мүлік объектісін бағалау кезінде, орташаланған
нәтижелерді пайдалануға негіз береді деген болжамға негізделеді.

    Жылжымайтын мүлік әкелетін табыс түріне байланысты, жал-
пы ренталық мультипликаторды және жалпы капиталға айналдыру
коэффициентін, пайдалануға болады.

    Жалпы ренталық мультипликатор көмегімен жылжымайтын
мүлікті бағалау кезеңдерінде:

    1)	 бағаланатын объектінің жалпы табысы, не әлеуетті, не нақты
табысы бағаланады;

    2)	 сату бағасы және әлеуетті немесе нақты табысы туралы шы-
найы ақпарат бар бағаланатын объектіге кемінде үш ұқсас объект
таңдалады;

    3)	 бағаланатын объектімен ұқсас объектілерді салыстыруды
ұлғайтатын қажетті түзетулер енгізіледі;

    4)	 әрбір аналог бойынша жалпы ренталық мультипликатор
есептеледі;

    5)	 барлық аналогтар бойынша орташа арифметикалық есептеу
жалпы ренталық мультипликатор ретінде алынып, қорытынды жалпы
ренталық мультипликатор айқындалады;

    6)	 бағаланатын объектінің орташа жалпы ренталық мульти-
пликаторы және есептік барабар жалпы табыс ретінде бағаланатын
объектінің нарықтық құны есептеледі.

     Бақылау сұрақтары:

     1.	 Бағалау әдістері қандай түрлерге топтастырылады?
     2.	 Жылжымайтын мүлік объектілерін бағалаудың кірістік амалдары

          қандай?
     3.	 Кірісті тікелей капиталға айналдыру әдісін атаңыз.
     4.	 Жылжымайтын мүлік объектілерін бағалаудың шығынға негізделген

          қандай әдістерін білесіз?
     5.	 Жер учаскелерін бағалау әдістері қандай?
     6.	 Ерекше жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау әдістері.

           102

⇐ МАЗМҰНЫ
   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107