Page 101 - indexf
P. 101

элементтің техникалық жай-күйі бойынша сарапшылық жолмен
бағалауға болады.

    Функционалдық тозу жойылатын және жойылмайтын бола-
ды. Жойылатын функционалдық тозу сапасы бойынша, ағымдағы
стандарттарға сәйкес келмейтін элементтердің ағымдағы жөнделуіне
жұмсалатын шығындар сомасына тең. Жойылмайтын тозу табыстың
жоғалуын капиталға айналдыру жолымен, не жылжымайтын мүлік
сапасының төмендігіне байланысты қуаттылықты, пайдалануды
жоғалту ретінде есептеледі.

    Экономикалық тозу ешқашан жойылмайды. Ол жылжымайтын
мүліктің сәтсіз орналасуына және басқа да экономикалық факторларға
байланысты табысты жоғалтуды капиталға айналдыру жолымен
бағаланады. Жер учаскесі экономикалық жағынан ескіруі және сирек
жағдайларда функционалдық тозуы мүмкін.

    Салыстырмалы амал бағалау рәсімдерінің мынадай реттілігін
көздейді:

    1)	 осы тектес жылжымайтын мүлікті сату немесе ұсыну туралы
ақпаратты жинау және талдау жүргізу және салыстыру объектілерін
айқындау;

    2)	 қолда бар ақпараттың көлемі мен шынайылығын ескере оты-
рып, бағалау объектісінің құнын есептеу әдісін таңдау;

    3)	 салыстыру объектілерінің сату бағасын немесе ұсыну бағасын
кейіннен түзеп отырып, салыстыру объектілерімен бағалау объектіле-
рін салыстыру;

    4)	 салыстыру объектілерінің құнына түзетілетін түзетулер шама-
сын есепке алу жолымен бағалау объектісінің құнын айқындау;

    5)	 алынған есептеу нәтижелерін келісу.
    Салыстырмалы сатуларды, негізгі сатылатын жылжымайтын
мүлікпен салыстыра отырып талдау кезінде, мынадай салыстыру
элементтері ескерілуі тиіс: берілетін құқықтар, қаржыландыру шарт-
тары, сату шарттары, сатудан кейін тікелей жүргізілетін шығыстар,
нарық шарты, орналасқан жері, табиғи сипаттамалары, экономикалық
сипаттамалары, пайдалану, жылжымайтын мүлікке жатпайтын сату
құрауыштары.
    Статистикалық модельдеу, яғни массалық бағалау әдісі салыстыр-
малы амал әдісіне ұқсас, бірақ түзету коэффициенттері статистикалық
әдістермен есептеледі.
    Баға мен табыстың арақатынасы әдісі бойынша, жылжымайтын
мүлік әкелетін табыс шамасы, баға белгілейтін фактор болып табы-
лады және ұқсас объектілер бойынша баға мен табыстың өлшемдігі,

           101

⇐ МАЗМҰНЫ
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106