Page 95 - indexf
P. 95

4) бағаланатын жылжымайтын мүлікті неғұрлым тиімді пайдала-
нуды талдаудан тұрады.

    Бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге құнын белгілеу бо-
йынша есептеулер, амалдар және бағаның әдістерінің қолдануында,
бағалаудың келесі әдістерімен орындалады:

    1) кірістік амал;
    2) шығындық амал.
    3) салыстырмалы амал.
    Бағалаудағы үш амалы бір-біріне тәуелді емес және шынайы
ақпарат болған кезде шамасы бойынша жақын бір нарықтық құнды
беруге тиіс. Алайда практикада түрлі амалдарды қолдану нәтижесінде
алынған құнының есептік шамалары өзара тең емес және сатылық тал-
дау әдісімен не осы баға үшін басқа да тиімді математикалық әдіспен
жүргізілетін бағалау нәтижелерін келісуді талап етеді. Бағаланатын
мүліктің түріне және басымдықтарды бағалау мақсаттарына қарай
қолданылатын әдістер өзгеруі мүмкін. Дамыған нарық жағдайында
нарықтық амал басым деп есептеледі.

8.2 Жылжымайтын мүлік объектілерін бағалаудың кірістік
амалдары

    Кірістік амал, яғни кірісті капиталдандыру, дисконттау негі-
зіндегі амал, сатып алынатын және сатылатын жылжымайтын мүлік
объектілерінің нарықтық құнын бағалау кезінде қолданылады.
Табыстық әдістердің біреуін қолдана отырып, бағалаушы әрекеттердің
мынадай реттілігін сақтайды:

    √√ аналогтарының бағалары және олардың меншік иелеріне салыс-
         тыру объектілері әкелетін таза табыс шамасы туралы ақпарат
         жинау үшін тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын
         мүлік нарығына зерттеу жүргізу;

    √√ алынған ақпаратқа талдау жүргізу және оның негізінде есеп
         айырысу кезеңінде күтілетін ақша ағынына болжам жасау;

    √√ осы жылжымайтын мүлік түріне инвесторлардың тәуекелдерін
         бағалау;

    √√ капиталға айналдыру немесе дисконттау ставкаларының есебін
         жүргізу;

    √√ табысты капиталға айналдыру әдістерінің біреуін қолдану:
         егер жылдар бойынша болжанып отырған табыс айтарлықтай
         өзгеретін болса, ақша ағындарын дисконттау әдісі, ал егер

           95

⇐ МАЗМҰНЫ
   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100