Page 98 - indexf
P. 98

Тікелей капиталға айналдыру әдісі бойынша, таза табыс дисконт
ставкасына бөлінеді, алмодельдер бойынша капиталға айналдыру
әдісінде табыс капиталға айналдыру ставкасына бөлінеді.

    Мүлікті қайтару (реверсиялау) құнын, яғни терминалдық құнды
айқындау келесі бағалау рәсімдерін қолдану жолымен жүзеге асыры-
лады:

    1.	 болжам жасау кезеңі аралығында, пайдалану мерзімі шек-
         телмейтін бағалау объектілеріне есептелетін терминалдық
         құн, есепті кезеңнің соңғы жылы алынған таза табысты Гор-
         дон моделі бойынша анықталатын капиталға айналдыру
         коэффициентіне бөлу арқылы есептеледі;

    2.	 пайдалану мерзімі аяқталатын бағалау объектілері бойынша,
         болжамдау кезеңінің соңында, жерлерді жақсартуды жою құны
         және жер учаскесінің нарықтық құны есептелінеді.

    Бағалау әдістеріне қойылатын талаптар бағалау үдерісінің мақсатты
түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Бағалау әдістерін таңдау
және қолдану кезінде бағалаушы келесі негізгі талаптарды сақтайды:

    1)	 бағалау нысанасы мен айқындалатын құн түрін сәйкестендіреді;
    2)	 жылжымайтын мүлікке бағалау жүргізу кезінде пайдаланыла-
тын ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді;
    3)	 құқықтық талдау жүргізеді, мүліктік құқықтар мен
ауыртпалықтарды сәйкестендіреді;
    4)	 бағалау әдістерін таңдауды негіздейді;
    5)	 бағалау туралы есепте шынайы деректерді, есептік көр-
сеткіштерді және олардың екіұшты түсіндірілуіне жол бермейтін
негізделген нәтижелерді толық әрі түсінікті жазуды қамтамасыз етеді.

8.3 Жылжымайтын мүлік объектілерін бағалаудың шығындық
амалдары

    Шығындық амал – бұл жинақталған тозуды ескере отырып, бел-
гілі бір объектіні қалпына келтіруге немесе бағаланатын объектіні басқа
объектімен алмастыруға қажет шығындарды анықтауға негізделген
бағалау әдістерінің жиынтығы. Ол, тұтынушының, дайын тұрған
объектіге, пайдалылығы соған ұқсас объектіні жасауға жұмсалатын
шығындармен салыстырғанда, одан артық төлемейтіндігіне негізделеді.

    Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату немесе жалға алу нарығы
шектеулі болған жағдайда, жылжымайтын мүлікті бағалау үшін
шығындық амал қолданылады. Шығындық амал, сондай-ақ жыл-

           98

⇐ МАЗМҰНЫ
   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103