Page 105 - indexf
P. 105

заңды тұлғалар және жеке тұлғалар енеді. Бағалаушы заңды тұлғалар
Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес
лицензияның негізінде бағалау қызметімен айналыса алады.

    Бағалаушы жеке тұлғалар бағалау қызметін жүзеге асыратын заңды
тұлғамен еңбек шартының негізінде немесе лицензияның негізінде
дара кәсіпкер ретінде дербес бағалау қызметімен айналысуға құқылы.

    Заңның 11-бабына сай, бағалаушының келесі құқықтары қарас-
тырылған:

    √√ дереккөздерін көрсете отырып, бағалау стандарттарынан не-
         месе халықаралық стандарттарға сәйкес бағалау әдістері мен
         бағалау амалдарын дербес қолдану;

    √√ бағалау жүргiзу кезiнде тапсырыс берушiден объектіге, сондай-
         ақ бағалауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттамаларға толық
         көлемiнде қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етудi талап ету;

    √√ тапсырыс берушiден бағалауды жүзеге асыруға қажеттi
         түсiнiктемелер мен қосымша мәліметтердi алу;

    √√ қажет болған жағдайда бағалау жүргiзуге шарттық негiзде өзге
         де бағалаушыларды не басқа да мамандарды қатыстыруға;

    √√ егер тапсырыс берушi шарт талаптарын бұзған, бағалау
         объектiсi туралы қажеттi ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз
         етпеген жағдайларда бағалау жүргiзуден бас тартуға;

    √√ мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен
         қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді
         қоспағанда, бағалау жүргізу үшін қажетті ақпаратты үшінші
         тұлғалардан жазбаша немесе ауызша нысанда сұратуға құқығы
         бар.

    √√ аталған ақпаратты беруден бас тарту бағалау нәтижелерiнiң
         дұрыстығына елеулi түрде ықпал ететiн болса, бағалаушы оны
         есепте көрсетедi.

    Бағалаушы жеке немесе заңды тұлға міндетті түрде бағалаушылар
палаталарының мүшесі болып енеді. Бағалаушылар палатасы
бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін
құрылатын коммерциялық емес ұйымның дербес ұйымдық-құқықтық
нысаны болып танылады. Бағалаушылар палатасы бағалаушының
іскерлік және кәсіптік әдеп ережелерін әзірлеп және бекітеді, осы
талаптардың сақталуын қаматамасыз етеді, бағалаушыларды оқытады,
қайта даярлайды және т.б. функцияларды атқарады. Бағалаушылар па-
латасы өзінің құрамына бағалаушыларды біріктіретін, коммерциялық
емес кәсіптік өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табыла-
ды. Қазақстан Республикасының аумағында бір Республикалық

           105

⇐ МАЗМҰНЫ
   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110