Page 96 - indexf
P. 96

күтілетін табыстар тұрақты болса не тұрақты өзгеріп тұрса, та-
         бысты капиталға айналдыру әдісі.
    Әлеуетті жалпы табыс шамасы бағаланатын жылжымайтын
мүліктің жалға алу ставкасының шамасы мен алаңы туралы шынайы
ақпарат негізінде және оны аса тиімді пайдалану кезінде бағалау
объектісін жалға беру туралы жорамалдың негізінде есептелінеді.
Мұнда, жалпы табыс туралы нақты деректер және осы немесе
ұқсас объектіні жүктеудің нақты коэффициенті негізге алынады.
Бағалау жүргізу уақытында осындай жылжымайтын мүлікті жалдау
шарттарының үлгі шарттары ескеріледі.
    Таза операциялық табысты болжау уақытында, бағалау объектісі
ретінде ескерілген бағалау объектісінің тұтынушылық сипаттама-
ларын, осындай жылжымайтын мүліктің сипаттамаларымен сәйкес
келтіруге байланысты қажетті шығындар есептелінеді.
    Осындай сәйкес келтіру үшін қажет қажетті шығындардың
ағымдағы құнының мөлшеріне бағалау объектісінің алынған құнын
азайту жолымен тікелей капиталға айналдыру әдісі қолданылады.
    Сонымен қатар, таза операциялық табысты болжау үшін ақша
ағындарын дисконттау әдісі қолданылады.
    Қажетті шығындардың көлемін айқындау кезінде, табиғи және
функционалдық тозу белгілерінің ескіруінің техникалық мүмкіндігі
мен экономикалық орындылығы ескеріледі. Бұл ретте есепте бағалау
жүргізу уақытында ескерілетін қажетті шығындар есебі келтіріледі.
    Операциялық шығындар бағалау күні қолданылатын бағаларға бол-
жанады. Операциялық шығындарға болжау жасалған жағдайда жалпы
табысты алуға байланысты иесінің, баланс ұстаушының шығындары
ескеріледі.
    Тікелей капиталға айналдыру әдісі – бағалау объектісін тұрақты
пайдалануды сақтау жағдайларына сүйене отырып, шектелмеген уақыт
кезеңінде кірістің шамасы тұрақты, бастапқы инвестициялар болмаған,
қайтарылатын капитал мен капитал кірісі бір уақытта есепке алынған
кезде құнды айқындау болып табылады.
    Кірісті тікелей капиталға айналдыру әдісі бағалау рәсімдерінің
мынадай реттілігін көздейді:
    1) жалдау шартына, жалдау ақысының мөлшері мен жалдаудың
үлгілік шарттарына талдау жүргізу мақсатында осындай жылжы-
майтын мүлікті жалға алу туралы жинақталған ақпаратты немесе осы
тектес жылжымайтын мүлікті пайдалану туралы ақпаратты талдау
нәтижелерінің негізінде жалпы табысты болжау;
    2) таза операциялық табыс жалпы табыс пен операциялық шы-

           96

⇐ МАЗМҰНЫ
   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101