Page 104 - indexf
P. 104

12-бап. Бағалаушының мiндеттерi.
    13-бап. Бағалаушының жауапкершiлiгi
    13-1-бап. Бағалаушылар палатасы.
    13-2-бап. Бағалаушылар палатасының функциялары
    13-3-бап. Республикалық бағалаушылар палатасы
    Төртінші «Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері» тарауы
төрт баптан тұрады:
    14-бап. Тапсырыс берушiнiң құқықтары.
    15-бап. Тапсырыс берушiнiң міндеттері.
    16-бап. Тапсырыс берушiнiң жауапкершіліктері.
    Бесінші тарау «Бағалау қызметін мемлекеттік реттеу»
    18-бап. Бағалаушылар палаталарының қызметiн бақылау
    19-бап. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
    20-бап. Қазақстан Республикасында бағалау қызметін лицензиялау.
    Алтыншы тарау «Қорытынды ережелер»:
    22-бап. Бағалау қызметi туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапты-
    лық.
    Бағалау қызметі – бағалау объектілеріне қатысты бағалаушылар
жүзеге асыратын белгілі бір күнге нарықтық немесе өзге құнды
белгілеуге бағытталған кәсіпкерлік қызмет. Бағалау дегеніміз бағалау
объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау болып та-
былады. Бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын
анықтау барысында көптеген әдістер қолданылады. Бағалау әдістері
бағалау объектісінің нарықтық және өзге құнын белгілеу үшін пайда-
ланылатын заңдық, қаржы-экономикалық және ұйымдастырушылық-
техникалық сипаттағы іс-қимылдар жиынтығынан қалыптасады.
Бағалаудың бір немесе бірнеше әдістерін пайдалана отырып, бағалау
объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау тәсілі
бағалау амалы деп аталады. Бағалау қызметі саласында – бағалауды
жүргізуге қажет нормативтік-құқықтық актілер пайдаланылады.
Олар бағалау қызметінде ескерілетін амалдар мен әдістерді, олардың
мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды белгілейді.
    Бағалау қызметі жалпыға бірдей бағалау стандарттарына сүйенеді.
Бағалау стандарттары – бағалау қызметі саласындағы ережелер, прин-
циптер мен сипаттамалар жиынтығы. Бағалаушылардың бағалау
қызметін жүзеге асыру кезінде бағалау қызметі саласында Қазақстан
Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін халықаралық стан-
дарттар пайдаланылады.
    Бағалау қызметінің субъектілеріне бағалаушылар, тапсырыс
берушілер және үшінші тұлғалар жатады. Бағалаушыларға бағалаушы

           104

⇐ МАЗМҰНЫ
   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109