Page 106 - indexf
P. 106

бағалаушылар палатасы құрылады. Тиісті облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың аумағында бір ғана бағалаушылар па-
латасы құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.

    Тапсырыс беруші – бағалаушы көрсететін қызметтерді тұтынушы
жеке немесе заңды тұлға, ал үшінші тұлғалар – бағалаушылар мен
тапсырыс берушілердің қатарына кірмейтін, бағаланатын мүлікке,
бағалаушының бағалау қызметіне және тапсырыс берушінің тапсыры-
сына белгілі бір қатысы бар тұлғалар жатады. Мысалы, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар
қаланың жергiлiктi атқарушы органдары, жеке тұлғалардың кәсіпкерлiк
қызметте пайдаланылмаған мүлкiн салық салу үшiн бағалау жөнiнде
қызмет көрсетуге, тапсырыс берушi болып табылады. 

    Тапсырыс берушi бағалаушыдан бағалау жүргiзуге қатысты
заңдардың талаптары туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға,
бағалаушыдан бағалау жүргiзу әдiстерi туралы қажеттi ақпарат алуға
және бағалаушы шарттың ережелерiн бұзған жағдайда оның қызмет
көрсетуiнен бас тартуға құқығы бар. Тапсырыс беруші бағалаушыға
шартқа сәйкес бағалауды дер кезiнде және сапалы жүргiзу үшiн
жағдай жасауғаміндетті болып саналады. Қазақстан Республикасының
азаматтық заңдарына сәйкес бағалаушы мен тапсырыс берушiнiң ара-
сында жасалған бағалау жүргiзу шарты бағалауды жүргiзуге негiздеме
болып табылады.

    Бағалау жүргiзу шарты бойынша бағалаушы бағалау объектiлерiнiң
нарықтық немесе өзге құнын белгiлеу үшiн қызмет көрсетуге
мiндеттенедi, ал тапсырыс берушi осы қызметтерге ақы төлеуге
мiндеттенедi.

    Заңда атап көрсетілген бағалау объектiлерiне: жекелеген
материалдық объектiлер, заттар, оның iшiнде қараусыз қалған, иесiз
мүлiктер; тұлғаның мүлкi, оның iшiнде мүлiктiң белгiлi бiр түрi, жыл-
жымалы немесе жылжымайтын мүлікті құрайтын заттардың жиын-
тығы; меншiк құқығы және мүлiкке немесе мүлiктiң құрамындағы
жекелеген заттарға өзге де заттық құқықтар; мiндеттеменi, борыш-
ты талап ету құқығы; жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер, ақпарат;
интеллектуалдық меншік құқығының объектілері; азаматтық
құқықтардың өзге де объектілері жатады.

    Аталған бағалау объектілері жылжымалы немесе жылжымайтын
мүлік оъектілері, интеллектуалдық меншік құқығының объектілері,
бағалау объектісі ретіндегі кәсіпорын, бизнес ірі түрде де топтасты-
рылады. Бағалау объектілерінің берілген топ түрлері бойынша жалпы
бағалау қағидаттары, бағалау әдістері мен тәсілдері және бағаланатын

           106

⇐ МАЗМҰНЫ
   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111