Page 107 - indexf
P. 107

объектінің экономикалық сипаттамасына байланысты өзіндік
ерекшеліктері бөлінеді. Мемлекеттік мүлікті бағалауды ұйымдастыру
ерекшеліктері, ол мемлекеттік мүліктің құрамына түскен, мемлекеттік
мүлікті жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың пай-
далануына берген, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарған
кездегі мүлікті бағалау жағдайлары мен ерекшеліктері «Мемлекеттік
мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңының 16-тарауын-
да белгіленеді. Бағалау қызметінің негізгі қағидаттары объективтілік
және дұрыстық болып табылады.

    Бағалау қызметін ұйымдастырып, оны іс жүзінде жүзеге асыруда
бағалаушының:

    1) дереккөздерін көрсете отырып, бағалау стандарттарына және
халықаралық стандарттарға сәйкес бағалау әдістері мен бағалау амал-
дарын дербес қолдануға;

    2) бағалау жүргiзу кезiнде тапсырыс берушiден объектіге, сондай-
ақ бағалауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттамаларға толық көлемiнде
қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етудi талап етуге;

    3) тапсырыс берушiден бағалауды жүзеге асыруға қажеттi түсi-
нiктемелер мен қосымша мәліметтердi алуға;

    4) қажет болған жағдайда бағалау жүргiзуге шарттық негiзде өзге
де бағалаушыларды не басқа да мамандарды қатыстыруға;

    5) егер тапсырыс берушi шарт талаптарын бұзған, бағалау объек-
тiсi туралы қажеттi ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етпеген
жағдайларда бағалау жүргiзуден бас тартуға;

    6) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғала-
тын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бағалау
жүргізу үшін қажетті ақпаратты үшінші тұлғалардан жазбаша немесе
ауызша нысанда сұратуға құқықтары бар. 

    Егер аталған ақпаратты беруден бас тарту бағалау нәтижелерiнiң
дұрыстығына елеулi түрде ықпал ететiн болса, бағалаушы оны есептеп
көрсетедi.

    Бағалаушының мiндеттерi:
    –– бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде, Қазақстан Рес-

         публикасының Заңдары мен нормативтiк құқықтық актiлерiнiң
         талаптарын сақтауға;
    –– өзі мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасы
         бекіткен іскерлік және кәсіптік әдеп ережелерін сақтауға және
         бағалаушылар палаталарының біреуінің ғана мүшесі болуға;
    –– объективтi бағалау жүргiзуге кедергi болатын жағдайлардың
         туындауы салдарынан бағалауды жүргiзуге өзiнiң қатысу

           107

⇐ МАЗМҰНЫ
   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112