Page 108 - indexf
P. 108

мүмкiндiгi болмайтыны жайында тапсырыс берушiге
         хабарлауға;
    –– бағалау жүргiзу барысында тапсырыс берушi мен үшiншi
         бiр тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын және
         құпиялығын қамтамасыз етуге;
    –– уәкiлеттi орган өкiлiнiң және тапсырыс берушiнiң талап етуi
         бойынша мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға
         берiлгенлицензияныкөрсетуге;
    –– заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалау
         жүргiзу барысында тапсырыс берушiден және үшiншi бiр
         тұлғалардан алынған құпия ақпаратты жария етпеуге;
    –– объектілерді тікелей зерттеуді жүзеге асыруға және тапсырыс
         берушіге бағалау туралы есеп табыс етуге, бағалау туралы
         жасалған есептердi 5 жыл бойы сақтауға;
    –– бағалау жүргiзу шарттарының нөмiрлерiн көрсете отырып,
         хронологиялық тәртiппен бағалау жүргiзу есептерiнiң кiтабын
         жүргiзуге;
    –– Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген
         жағдайларда сақтаулы тұрған бағалау туралы есептердiң
         көшiрмесiн немесе ақпаратты мемлекеттiк органдардың заңды
         түрде талап етуi бойынша оларға беруге мiндеттi. 
    Бағалаушы:
    –– бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің,
         сондай-ақ бағалау стандарттарының, іскерлік және кәсіптік
         әдеп ережелерінің талаптарын бұзғаны;
    –– мемлекеттiк құпиялар, коммерциялық құпия болып табылатын
         мәлiметтердi жария еткенi;
    –– бұрыс бағалағаны;
    –– бағалау өткізу үшiн өзiне берiлетiн құжаттар мен басқа да
         ақпараттың сақталуы мен тұтастығы;
    –– Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген
         жағдайларда мемлекеттiк органдарға бағалау туралы
         есептердiң көшiрмелерiн немесе ақпаратты бермегенi үшiн
         жауапкершiлiкте болады.
    Бағалаушыны таңдау барысында келесі белгілері ескеріледі:
бағалаушының бағалаушылар палатасының біреуінің мүшесі болуы,
кәсіпшілік білімін және кәсіби тәжірибесін растайтын құжаттары,
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру құжаты.
    Бағалау қызметін тұтыну мақсатында, бағалайтын фирманы таңдау
барысында, әртүрлі фирмалар туралы белгілі бір көрсеткіштер тобы

           108

⇐ МАЗМҰНЫ
   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113