Page 109 - indexf
P. 109

бойынша ақпарат жинақтап, салыстырмалы варианттар аралығынан ең
ұтымдысын таңдаған экономикалық жағынан тиімді болып табылады.
Біріншіден, фирманың бағалау нарығында қызмет көрсету тәжірибесі,
көрсетілетін қызмет түрлерінің күрделілігі, екіншіден, фирма және
оның қызметкерлерінің бағалаушылар палатасының мүшесі болуы
және үшіншіден, азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
құжатының болуы. Бұл талаптарға толық сай келетін фирма бағалау
қызметін жоғарғы деңгейде көрсете отырып, нарықтық экономиканың
дамуына септігін тигізеді және тапсырыс берушілердің қажеттілігін
толығымен қамтамасыз ете алады.

    Бағалау қызметі, дамыған нарықтық экономика жағдайында,
шаруашылықтық және басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет
ақпарат базасының көзі бола отырып, экономикадағы құрылымдық
өзгерістерге, бәсекелестік деңгейі жоғары нарықтық ортаның
қалыптасуына, инвестициялық үдерістерді жеделдетуге әсер етеді.
Бағалау қызметін жүзеге асыру мақсатында тапсырыс беруші мен
бағалаушының арасында бағалауды жүргізу шарты жасалады.    

    Бағалау жүргiзу шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексінің өтемдi қызметтер көрсету шарты туралы нормала-
ры қолданылады. Бағалау жүргiзгенi үшiн бағалаушыға төленетiн
ақының мөлшерi бағалау объектiсiнiң анықталатын құнына пайыздық
қатынаспен көрсетiлмейдi және ол тараптардың келiсiмi бойынша
жұмыстарды орындағанға дейiн белгiленедi.

    Бағалау жүргізу шартында мыналар қамтылады: тапсырыс беруші
мен бағалаушының деректемелері, бағалау объектісінің немесе объек-
тілерінің атауы және орналасқан жері, айқындалатын құнның түрі,
бағалау түрі, бағалау объектісінің түрі, бағалау жүргізудің мерзімдері,
бағалау жүргізу кезінде қолданылатын бағалау стандарттарына нұсқау,
көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеудің шарттары, тәртібі және
мөлшері, тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі,
тапсырыс берушінің бағалау объектісіне меншік құқығын растайтын
құжаттың деректемелері не тапсырыс берушіге бағалау туралы шарт
жасау құқығын беретін өзге де негіздемелер, мүлікті бағалау жөніндегі
қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның деректемелері, яғни
лицензия берген орган көрсетілген, оның нөмірі мен берілген күні.  

    Жүргiзiлген бағалаудың нәтижелерi бойынша бағалау туралы
есеп екi данада жасалады, оның біреуi тапсырыс берушiде, екiншiсi
бағалаушыда сақталады. Жеке кәсiпкер болып табылатын бағалаушы
жасаған есепке ол қол қояды және оның жеке мөрiмен расталады.

    Бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның

           109

⇐ МАЗМҰНЫ
   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114