Page 110 - indexf
P. 110

есебiне бағалаушы-жеке тұлға қол қояды, заңды тұлғаның басшы-
сы немесе ол уәкілеттік берген адам бекiтiп, мөрмен расталады. Егер
бағалауды бағаланатын бағалау объектiсiнiң құрамына кiретiн әртүрлi
бағалау объектiлерi бойынша бiрнеше бағалаушы жүргiзген жағдайда,
есепке әрбiр бағалаушы өзi бағалау жүргiзген бағалау объектiлерiн
көрсетiп қол қояды.

    Бағалау туралы есепте төменде берілген көрсеткіштер
көрсетіледі:

    –– бағалаушының атауы, мүлікті бағалау жөніндегі қызметті
         жүзеге асыру құқығына лицензияның нөмірі мен берілген күні;

    –– айқындалатын құнның түрі;
    –– есеп жасаудың күні және бағалау жүргізудің күні;
    –– бағалау объектісінің атауы және орналасқан жері мен сипатта-

         масы;
    –– бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын бағалау амалдары

         мен бағалау әдістері, бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын
         бағалау стандарттары;
    –– нақты деректерді алу көздері көрсетіле отырып, бағалау жүргізу
         кезінде пайдаланылатын нақты деректер;
    –– есеп негіздемесі және бағалау нәтижесі, жүргізілген бағалаудың
         нәтижесін толық және айқын түсіндіру үшін қажет өзге де
         мәліметтер. 

9.2 Бағалау қызметін мемлекеттік реттеу

    Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заңға
сәйкес, Қазақстан Республикасында бағалау қызметі саласын-
да мемлекеттік реттеу және бақылауды Қазақстан Республикасы
Үкіметіні уәкілеттілігін бекіткен органдар және бағалау қызметі
саласындағы уәкілетті орган құзыреттері шеңберінде, «Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына жүгіне отырып, жүзеге асыра-
ды. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бағалау қызметінің
барлық субъектілері үшін бірдей жағдай жасау арқылы мүлікті бағалау
жөніндегі қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестікті дамытуға
мүмкіндік туғызады.

    Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органның құзыреті
төмендегідей:

    ●● бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

           110

⇐ МАЗМҰНЫ
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115