Page 111 - indexf
P. 111

●● өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу
         және бекіту;

    ●● бағалау стандарттарын әзірлеу;
    ●● бағалау қызметін лицензиялау; 
    ●● бағалау қызметімен айналысуға үміткер адамдар үшін біліктілік

         емтиханын өткізу;
    ●● бағалау қызметі саласында мамандарды кәсіптік қайта даярлау

         бағдарламаларынбекіту;
    ●● бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге

         асыру;
    ●● «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және

         қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
         міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының ны-
         сандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер
         жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу;
    ●● Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республи-
         касы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
         актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жа-
         тады. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы»
         Заңның 18-19 бабы.
    Қазіргі кезеңде бағалау қызметін тәжірибе жүзінде жүзеге асыруда,
бағалаушылар төменде көрсетілген жағдайларда, мемлекет тарапы-
нан келесі шектеулер қарастырылған:
    1.	 бағалаушының бағалау объектiсiне қатысты шарттан тыс заттық
         немесе мiндеттемелiк құқығы болса не оны сатып алса;
    2.	 бағалаушы заңды тұлғаның – тапсырыс берушiнiң акционерi,
         құрылтайшысы, қызметкерi, меншiк иесi, қатысушысы, кредит
         берушiсi, дебиторы, демеушiсi болып табылса не бағалаушы –
         жеке тұлға тапсырыс берушi – жеке тұлғаның жақын туысы не-
         месе жекжаты болып табылса;
    3.	 бағалаушы – заңды тұлға басшысы не ол уәкілеттік берген адам
         тапсырыс беруші – жеке тұлғамен және заңды тұлғаның басшы-
         сымен не ол уәкілеттік берген адаммен жақын туыстық немесе
         жекжаттық қарым-қатынаста болса, бағалауды жүргізе алмай-
         ды.
    Сонымен қатар, бағалау жүргiзу нәтижесiнiң дұрыстығына, оның
iшiнде бағалау жүргiзу кезiнде анықталуға тиiс мәселелер шеңберiн
шектеуге терiс әсерiн тигiзуi мүмкiн болса, бағалаушының қызметiне
тапсырыс берушiнiң не өзге мүдделi тұлғалардың араласуына жол
берiлмейдi.

           111

⇐ МАЗМҰНЫ
   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116