Page 112 - indexf
P. 112

Бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті
сақтандыру көзделген, ол бағалаушы көрсететін қызметтердің
тұтынушылар мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін шарттарының
бірі болып табылады. 

9.3 Бағалау қызметін лицензиялау

    Бағалау қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының лицен-
зиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңның
20-бабы бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер жеке тұлғалар
олардың біліктілік деңгейін анықтау мақсатында біліктілік емтиханынан
өткізіледі. Біліктілік емтиханын қабылдау үшін құрамына мүшелердің
тақ саны кіретін кемінде бес адамнан тұратын біліктілік комиссиясы
құрылады. Комиссия Қазақстан Республикасы әділет органдарының,
бағалау палаталарының өкілдерінен қалыптастырылады. Біліктілік
комиссиясының құрамына бағалаушылар палаталарының өкілдері
міндетті түрде кіреді, олардың саны комиссия құрамының жалпы
санының, кемінде екіден бірін құрауға тиіс. Комиссияның құрамын
және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрі
бекітеді. Комиссия емтиханды бір тоқсанда кемінде бір рет өткізеді.
Біліктілік емтиханы тест нысанында жүргізіледі. Тестілеу Қазақстан
Республикасының бағалау саласындағы қолданыстағы заңнамасын,
бағалау стандарттарын, сондай-ақ мүлікті бағалау жөніндегі модульді
есептерді білуіне арналған сұрақтарды пайдалана отырып жүзеге асы-
рылады.

    Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың
біліктілік емтиханынан өту ережесін Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітеді. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі тура-
лы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына
сәйкес «Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың
біліктілік емтиханынан өту ережесі» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі №317 Қаулысымен бекітілген.
Осы, бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың
біліктілік емтиханынан өту ережесі бағалау қызметімен айналысу
құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту тәртібі мен
шарттарын белгілейді.

    Біліктілік емтиханы – бағалау қызметімен айналысу құқығына
үміткер адамдардың біліктілік деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызады.

           112

⇐ МАЗМҰНЫ
   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117