Page 113 - indexf
P. 113

Біліктілік емтиханынан өту үшін мүлікті бағалау және зияткерлік
меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі
қызметті жүзеге асыру құқығына үміткер адам өтінішін өзі немесе
сенімхат бойынша уәкілетті өкіл арқылы ұсынады не уәкілетті органға
тапсырыс хатпен жібереді.

    Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
    –– «бағалау» мамандығы бойынша жоғарғы білім немесе жоғары

         экономикалық немесе техникалық білім туралы дипломның
         түпнұсқасы әлде нотариалды куәландырылған көшірмесі;
    –– өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың
         көшірмесі.
    Емтиханнан өткен адамдар оны тапсырған күннен бастап үш
жұмыс күні ішінде біліктілік емтиханынанөткендігітуралы уәкілетті
органның шешімін алады.
    2007 жылғы 25 мамырдағы №419 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Мүлікті бағалау және зияткерлік
меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі
қызметті лицензиялау ережесінің» 9 және10 тармақтарына сәйкес,
жеке адамдар лицензия алу үшін мынадай құжаттарды:
    1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
    2) мүлікті бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін
лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
    3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшір-
месін;
    4) жеке кәсіпкер үшін – өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде
мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған
көшірмесін;
    5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы
куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
    6) еңбек кітапшасының немесе мүлікті бағалау және зияткерлік
меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі
қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес еңбек өтілін рас-
тайтын өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
    7) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары бер-
ген дипломдардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін
не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе
халықаралық шарттарында, келісімдерде көзделген тәртіппен және
шарттарда шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында танылатын
дипломдарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
    8) тұлғаның мүлікті бағалауды жүргізуге қатысқанын не оны еңбек

           113

⇐ МАЗМҰНЫ
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118