Page 114 - indexf
P. 114

өтілінің бір жылында, кемінде төрт рет жүзеге асырғанын растайтын
құжаттарды;

    9) мүлікті бағалау жөнінде дайындықтан өткендігін растайтын
құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

    Заңды тұлғалар лицензия алу үшін мынадай құжаттарды:
    1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
    2) мүлікті бағалау және зияткерлік меншікті, материалдық емес
активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы
үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
    3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды
куәландырылған көшірмесін. Шетелдік заңды тұлға үшін – шетелдік
заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған
шетелдік заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың нота-
риалды куәландырылған көшірмесін;
    4) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін;
    5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы
куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
    6) мүлікті бағалау және зияткерлік меншікті, материалдық емес
активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицен-
зиясы бар не мүлікті бағалау және зияткерлік меншікті, материалдық
емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптарына жауап беретін жеке тұлғалардың тізімін
және олардың негізінде өтініш беруші-заңды тұлғамен олар еңбек
қатынастарында болатын құжаттардың көшірмесін;
    Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке қызмет түрлерімен ай-
налысу құқығына лицензиялық алымды бекіту туралы» 2007 жылғы
19 қаңтардағы №610 ережеге сәйкес бағалау қызметімен айналысуға
лицензиялық алымның мөлшері 6 айлық есептік көрсеткішке тең.
Төлемді салық төлеуші ретінде тіркелген жері бойынша 105402 кодына
төлеу қажет. Лицензия беру мерзімі отыз жұмыс күн ішінде, ал шағын
кәсіпкерлік субъектілері үшін – он жұмыс күн ішінде беріледі.
    Лицензиялық алымның мөлшерлемелері «Салық және бюд-
жетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексінде белгіленеді. Лицензияға қосымшаларды,
лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын беру кезінде лицензиялық
алым алынбайды.
    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы
қабылданған №202-V ҚРЗ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
Заңының 35-бабына сай лицензияның және лицензияға қосымшаның
қолданысын немесе лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату

келесі жағдайларда:

           114

⇐ МАЗМҰНЫ
   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119