Page 115 - indexf
P. 115

1) берілген мерзімі өткенде;
    2) жүзеге асырылуы үшін берілген әрекеттер, операциялар толық
көлемде жасалғанда;
    3) лицензиядан және лицензияға қосымшадан айырғанда немесе тек
лицензияға қосымшадан айырғанда, яғни оларды қайтарып алғанда;
    4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда;
    5) лицензиат лицензияның және лицензияға қосымшаның қол-
данысын, немесе тек лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату
туралы ерікті түрде лицензиарға өтініш жасағанда;
    6) лицензиат лицензиялануға жататын тұлғалар қатарынан алып
тасталғанда;
    7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
жағдайларда, өзінің қолданысын, тоқтатады.
    Лицензияның және лицензияға қосымшаның қолданысы немесе
тек лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезде лицен-
зиат лицензияны және лицензияға қосымшаны немесе лицензияға
қосымшаның өзін ғана он жұмыс күні ішінде лицензиарға қайтаруға
міндетті және осы құжаттарды қайтарғаннан кейін жеке әлде заңды
тұлғалардың белгілі бір қызмет түрлерін немесе әрекеттерді, опера-
цияларды жүзеге асыру құқығы толығымен жойылады.

     Бақылау сұрақтары:

     1.	 Бағалау жүргізудің негіздемелері.
     2.	 Бағалау қызметінің субъектілерін атаңыз.
     3.	 Бағалау жүргiзу шарты.
     4.	 Бағалаудың қандай объектілерін білесіз?
     5.	 Бағалаушының міндеттерін атаңыз.
     6.	 Бағалау қызметін мемлекеттік реттеу деген не?
     7.	 Бағалау қызметін лицензиялау туралы не білесіз?
          

           115

⇐ МАЗМҰНЫ
   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120