Page 116 - indexf
P. 116

4-бөлім. Жылжымайтын мүлік нарығы, оны
                      мемлекеттік реттеу

10-тарау. Жылжымайтын мүлік нарығы түсінігі

10.1 Жылжымайтын мүлік нарығы мәні, құрамы

    Жылжымайтын мүлік нарығы жылжымайтын мүлік объектілеріне
қатысты қарым-қатынастар жиынтығы. Бұл нарық жылжымайтын
мүлікті сатып алу, сату, несие, жалға беру сияқты операцияларды жүзе-
ге асыру барысында туындайтын экономикалық қарым-қатынастар
жүйесі. Жылжымайтын мүлік нарығының негізгі сегменттеріне жер
нарығы, тұрғын үй нарығы, тұрғын емес үйлер нарығы жатады

    Объектілердің функционалдық міндеттеріне байланысты та-
быс әкелетін нарық бөлінеді, оған сауда-саттық бағытындағы нарық
объектілері, өндірістік-қойма бағытындағы нарық объектілері, офис
мақсатындағы нарық объектілері сегменттері енеді. Әдебиеттерде
қонақ үй қызметтері нарығы және аяқталмаған өндіріс объектілері
нарықтары бөлінеді. Аяқталмаған өндіріс объектілері нарығында
объектілерді бағалау, сату кезеңдерінде ерекше процедуралар
қолданылады және оған мемлекеттік реттеу, салынып болмаған
объектіні мақсатты пайдалану және салынатын құрылыстың алғашқы
жоспары әсер етеді.

    Сатушы мен сатып алушының арасындағы келісім объектісі
ретіндегі жылжымайтын мүлікке заңды құқығына байланысты сатып
алу-сату нарығы және жалға беру нарығы бөлінеді. Сатып алу-сату
нарығында сәйкес эквивалентке меншік құқығы толығымен беріледі,
ал жалға беру нарығында келісім объектісі ретінде, иелік ету құқығын
болдырмайтын құқықтың белгілі бір бөлігі ғана саналады. Қазақстан
Республикасында қалыптасқан заңдар мен нормативтерге, жекелеген
жылжымайтын мүлік нарықтарының ерекшеліктеріне байланысты
жылжымайтын мүлік нарық сегменттері дербес дамиды.

    Жылжымайтын мүлік нарығына келесі ерекшеліктер тән:
    –– сатып алу-сату келісімдерін мемлекеттік тіркеу қажеттілігі;
    –– жылжымайтын мүлік иелігіне жыл сайынғы салық төлемдер;
    –– жылжымайтын мүлікті күтіп ұстау шығындары;
    –– жылжымайтын мүлік объектілерінің өзара алмастырылу дең-

         гейінің төмен болуы;

           116

⇐ МАЗМҰНЫ
   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121