Page 117 - indexf
P. 117

–– маусымдық өзгерістер мен ауытқулардың әсер етуі;
    –– объектілердің тұрған жерін өзгерту мүмкіндігінің жоқ болуына

         байланысты, олардың бір жердің шеңберінде болуы.
    Жылжымайтын мүлік нарығы сұраныс, ұсыныс, баға және
инфрақұрылым көрсеткіштері жүйесімен сипатталады.
    Жылжымайтын мүлік нарығының негізгі функциялары:
    –– баға, сұраныс және ұсыныс туралы ақпаратты қалыптастыру;
    –– делдалдар мен тұтынушылар, сұраныс және ұсыныс аралығын-

         да байланысты қамтамасыз ету;
    –– жылжымайтын мүлік объектілеріне еркін баға қалыптастыру

         және меншік құқығын қорғау;
    –– жылжымайтын мүлік объектілеріне инвестицияларды бөлу;
    –– еркін кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ету.
    Жылжымайтын мүлік нарығы құрылымы жылжымайтын мүлік
нарығы объекті субъектілерінен және жылжымайтын мүлік нарығы
инфрақұрылымынан қалыптасады. Жылжымайтын мүлік нарығы
инфрақұрылымына жылжымайтын мүлік объектілерін қалыптасты-
руға және оның пайдалы қасиеттерін тұтынуға, сонымен қатар оны
нарық ортасына бөлуге әсер ететін жылжымайтын мүлік нарығының
кәсіби және институционалдық қатысушылары жатады.
    Инфрақұрылымның әртүрлі деңгейі болады. Олар: халық-
шаруашылықтық деңгей, аймақтық деңгей, жергілікті деңгей, объекті-
лік немесе микродеңгей түрлеріне бөлінеді. Халықшаруашылықтық
инфрақұрылым республикалық макро-деңгейдегі инфрақұрылымның
қалыптасуын, ал аймақтық жекелеген аймақтағы жылжымайтын мүлік
нарығы инфрақұрылымының қалыптасуын көрсетеді. Жылжымайтын
мүлік нарығының жеке секторлары бойынша инфрақұрылымының
дамуы жергілікті деңгей инфрақұрылымы арқылы көрінеді.
Микродеңгейдегі инфрақұрылым арқылы жекелеген жылжымайтын
мүлік объектісі инфрақұрылымы жағдайы сипатталады.
    Жылжымайтын мүлік нарығы инфрақұрылымын қалыптасты-
руда инженерлік-технологиялық, трансакциондық, әдістемелік,
әлеуметтік тәсілдердің маңызы зор. Инженерлік-технологиялық
тәсіл көзқарасынан қарастырғанда жылжымайтын мүлік нарығы
инфрақұрылымы дегеніміз, бұл әртүрлі категориядағы тұтынушылар
арасында жылжымайтын мүлік объектілері туралы дұрыс ақпаратты
тарату мақсатындағы кәсіби қызмет механизмдерінің жиынтығы.
    Инженерлік-технологиялық тәсіл бойынша жылжымайтын мүлік
нарығы инфрақұрылымын қалыптастырудың негізгі мақсаттары
мен әдістері:

           117

⇐ МАЗМҰНЫ
   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122