Page 118 - indexf
P. 118

–– жылжымайтын мүлікпен келісім жасау мақсатында,
         жылжымайтын мүлік объектілерінің барлық түрін сипаттай-
         тын, стандарттарды істеу және енгізу;

    –– жылжымайтын мүлік нарығының біртұтас ақпараттық кеңіс-
         тігін қалыптастыру және оның ақпараттық ашықтығын
         қамтамасыз ету. Оны жылжымайтын мүлік нарығын зерттейтін
         ұйымдар және ақпараттық технология аумағындағы мамандар
         жүзеге асырады.

    –– жылжымайтын мүлік объектілеріне, жылжымайтын мүлік
         нарығындағы кәсіби қызметке эталондық талаптарды
         қалыптастыру және заң жүзінде бекіту. Сонымен бірге, жыл-
         жымайтын мүлік нарығында келісім тәртібін қамтамасыз ететін
         нұсқау және тіркеу құжаттарын істеу. Бұларды жылжымайтын
         мүлік нарығын реттейтін мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
         Мұнда мамандандырылған зерттеу ұйымдарының, кәсіптенген
         мамандардың, қоғамдық ұйымдардың көзқарастары ескеріледі.

    Трансакциялық тәсілге қатысты қарастырғанда жылжымайтын
мүлік нарығы инфрақұрылымы, бұл жылжымайтын мүлік нарығына
қатысушылардың, оларға қажетті ресурстарға неғұрлым арзан шығын
арқылы қол жеткізуді қамтамасыз ететін механизмдер жиынтығы.

    Трансакциялық тәсіл бойынша жылжымайтын мүлік нарығы
инфрақұрылымын қалыптастырудың негізгі мақсаттары мен
әдістері:

    –– ақпаратты іздеу кезеңінде операцияларды неғұрлым аз шығын
         негізінде жүзеге асыру үшін жылжымайтын мүлік нарығына
         қатысушылардың өзара қарым-қатынасын қамтамасыз
         ететін, кәсіби нормалар мен стандарттарды қалыптастыру
         және енгізу. Ақпаратты іздеу кезеңіндегі операциялар не-
         месе трансакция ретінде келіссөздер жүргізу, шешімдер
         қабылдау, қатысушылардың келісімдерін құқықтық бекіту,
         қатысушылардың тырысуын үйлестіретін, құқықтарын бақы-
         лау және қалпына келтіру тағы басқалары қарастырылады.
         Бұл мақсаттарды менеджерлер, ұйым басшылары, қоғамдық
         ұйымдардың мамандандырылған бөлімдері және т.б. жүзеге
         асырады.

    –– жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылардың әрекетінің
         үйлесімділігін қамтамасыз ететін және зерттеу, талдау, бақылау
         және жылжымайтын мүлік нарығын реттейтін, жылжымайтын
         мүлік нарығы инфрақұрылымы институтын қалыптастыру.

           118

⇐ МАЗМҰНЫ
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123