Page 119 - indexf
P. 119

–– жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылардың қарым-
         қатынастары стандарттары мен кәсіби нормаларының сипатта-
         масын жазып, оны кәсіби ортада тарату.

    Әдістемелік тәсіл негізінде қарастыратын болсақ, жылжымайтын
мүлік нарығы инфрақұрылымы – жылжымайтын мүлік объектілерінің
пайдалы қасиеттерін қалыптастыру және тұтыну үдерісінің жүзеге
асуын және белгілі бір нақты мәселенің тиімді шешімін қамтамасыз
ететін экономикалық жүйенің нарықтық қағидаттары қолдайтын меха-
низмдер жиынтығы. Әдістемелік тәсіл бойынша жылжымайтын мүлік
нарығы инфрақұрылымын қалыптастырудың негізгі мақсаттары мен
әдістері:

    –– мониторинг жүйесін қалыптастыру және жылжымайтын мүлік
         нарығының жұмыс істеу үдерісін зерттеу, соның негізінде
         нарықты реформалау және дамыту жолдары мен тәсілдерін
         айқындау;

    –– жылжымайтын мүлік нарығының дамуын басқаратын маман-
         дандырылған мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық инсти-
         туттарды құру. Олар жылжымайтын мүлік нарығын дамыту
         үшін меншік иесін қорғау, нарықты реттеу, бақылау, реформа-
         лау, зерттеу, білім беру және ақпарат жинақтау сияқты барлық
         мәселелерді үйлестіру мақсатында қалыптастырылады.

    Әлеуметтік тәсіл негізінде, жылжымайтын мүлік нарығы
инфрақұрылымы бұл жылжымайтын мүлік объектілерінің пайдалы
қасиеттерін қалыптастыру және тұтынуға байланысты әлеуметтік
мәселелерді тиімді түрде шешуге ықпал ететін механизмдер жиын-
тығы.

    Әлеуметтік тәсіл бойынша жылжымайтын мүлік нарығы инфра-
құрылымын қалыптастырудың негізгі мақсаттары мен әдістері:

    –– жылжымайтын мүлік нарығының заңнамалық және норматив-
         тік базасын дамыту.

    –– жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылардың этикалық
         және құқықтық нормаларды сақтауына бақылау жүйесін
         қалыптастыру, олардың құқықтарын қорғау.

    Жылжымайтын мүлік нарығы инфрақұрылымын қалыптастыруда
кешенді тәсілдің орны зор. Ол жылжымайтын мүлік нарығы
инфрақұрылымын қалыптастыратын бір-бірімен тығыз байланысты,
бір-бірін толықтыратын инженерлік-технологиялық, трансакциондық,
әдістемелік, әлеуметтік тәсілдерді жылжымайтын мүлік нарығы
институттарының біртұтас жүйесінің элементтері ретінде қарасты-
рады. Кешенді тәсіл экономикалық жағынан тиімділіктің жоғарғы

деңгейін қамтамасыз етеді.

           119

⇐ МАЗМҰНЫ
   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124