Page 120 - indexf
P. 120

Жылжымайтын мүлік нарығына көптеген ерекшеліктер тән,
олар оны нарықтық кеңістіктің құрамдас бөлігі ретінде сипаттауға
негіз болады. Самуэлсон бойынша, барлық нарықтар, олардың
айырмашылықтарына қарамастан, жалпы экономикалық мәні
тұрғысынан бірдей болып табылады. Өйткені сұраныс пен ұсыныс
моделі болмысты жеңілдетеді де, мәндік белгісі ерекшелігіне на-
зар аудартқызады. Басқаша айтқанда сұраныс пен ұсыныстың өзара
байланысы бағаны анықтайды, бірақ бағаның биіктігі сұраныс пен
ұсыныстың өзара байланысын сипаттайды. Егер сұраныс артатын бол-
са баға өседі, бірақ егер баға өсетін болса сұраныс кеміп, төмендейді.
Ал баға төмендесе сұраныс ұлғаяды. Сұраныс ұлғайып, баға өсетін
болса, өндіріс саласының пайдалы болуына байланысты ұсыныс та
көбейеді. Сөйтіп, баға сұраныс пен ұсынысты анықтайды, сұраныс пен
ұсыныс бағаны анықтайды, одан кейін сұраныс ұсынысты анықтайды,
ал ұсыныс сұранысты анықтайды. Бұдан басқа, бұл тұрақсыздықтар
мен құбылулар теңелу тенденциясына ие. Егер сұраныс артып, баға
әдеттегі деңгейінен жоғары көтерілсе ұсыныс та артады [64]. Жылжы-
майтын мүлік объектілеріне деген сұраныс пен ұсыныс экономикалық,
әлеуметтік, демографиялық, табиғи-климат, экологиялық, әкімшілік
және басқалай факторлардың әсерінен қалыптасады.

    Экономикалық факторларға экономикалық заңдылықтар, бизнестің
және халықтың табыс деңгейі, құрылыс және монтаж жұмыстарының
құны, құрылыс материалдарының құны, коммуналдық қызметтер
тарифтері, қаржы ресурстарының қолжетімді арзан болуы т.б. жатады.

    Әлеуметтік, демографиялық факторлар халықтың білімділік
деңгейі, халық санының динамикасы, халықтың тығыздығы көрсеткіші
негізінде әсер етеді.

    Сұраныс – белгілі бір уақыт аралығында қалыптасқан баға бо-
йынша тұтынушылар сатып алғысы келетін жылжымайтын мүлік
объектілерінің саны және оларға қалыптасқан құқық. Ұсыныс –
белгілі бір уақыт аралығында, меншік иелері кесімді баға бойынша
сатқысы келетін жылжымайтын мүлік объектілерінің саны. Жыл-
жымайтын мүлік объектілеріне ұсыныс икемсіз. Жылжымайтын
мүлік нарығында объектілер құрылысының ұзақтығына байланысты,
ұсыныс сұраныстың өзгеруі тенденциясына сай қалыптаса алмайды,
соған байланысты ұсыныс пен сұраныс функциясының арасындағы
теңгеру, баланстау жойылады. Жылжымайтын мүлік объектілерінің
өзіне тән бір ерекшелігі сол, олардың құны, басқа тауарлармен
салыстырғанда, белгілі бір уақыт аралығында біртіндеп өсу тенден-
циясына ие. Тауардың нарықта болу уақыты оның өтімділік қасиетін

           120

⇐ МАЗМҰНЫ
   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125