Page 121 - indexf
P. 121

қалыптастырады. Өтімділігі жоғары тауарлар табиғи-заттық формасы-
нан ақшалай формаға, немесе керісінше тез ауыса алады. Жылжымай-
тын мүлік объектілерінің, тұрғын үй нарығында әлде коммерциялық
жылжымайтын мүлік нарығында, ұсыныс уақыты 6 айдан артық болған
жағдайда өтімділігі төмен деп саналады.

10.2 Жылжымайтын мүлік нарығы субъектілері

    Жылжымайтын мүлік нарығының құрамы жылжымайтын мүлік
объектілерін қалыптастыру, оны басқару және қалыптасқан құқық ай-
налымына байланысты күрделі болып табылады. Жылжымайтын мүлік
объектілерін қалыптастыруды жүзеге асыру, бұл теңгерімді тұрғын үй
құрылысы нарығын жасау үшін тұрғын үй құрылысына жеке инвести-
цияларды тарту, мемлекеттік – жекеменшік әріптестікті ынталандыру,
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды және құрылыс ин-
дустриясын дамыту мәселелерімен тығыз байланысты. Жылжымайтын
мүлік объектілерін басқаруды мемдекеттік органдар, коммерциялық
негізде жұмыс істейтін жылжымайтын мүлік нарығының кәсіби
қатысушылары жүзеге асырады.

    Жылжымайтын мүлік объектілерін қалыптастыру және дамы-
ту, басқару өкілеттілігін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономи-
ка министрлігінің Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері және жер ресурстарын басқару комитеті атқарады. Жылжымай-
тын мүлік нарығының дамуы, оның негізгі объектілерінің нарықтық
бағаларының қалыптасуы қаржы институттарының дамуына тікелей
байланысты.

    Жылжымайтын мүлік объектілерін қалыптастыру, бұл жыл-
жымайтын мүлік объектілерін дамыту жүйесін ұйымдастыру, тер-
риторияларды дамыту және жылжымайтын мүлік объектілерін
дамыту үдерістерінен тұрады. Жылжымайтын мүлік объектілерін да-
мыту жүйесін ұйымдастыру үдерісі құрылыс тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару органдарының
құрылымын, функцияларын, нормативтік нұсқаулықтарын жетілдіру,	
мемлекеттік органдар мен коммерциялық құрылымдардың әрекеттестігі
процедурасын жетілдіру, жылжымайтын мүлік объектілерін дамыту
операцияларын құқықтық қолдау және ақпараттық қамтамасыз ету,
қызметкерлерді оқыту және кәсіби біліктілігін арттыру үдерістерінен
қалыптасады.

    Территорияларды дамыту жер пайдалануды тәртіпке салатын шара-

           121

⇐ МАЗМҰНЫ
   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126