Page 122 - indexf
P. 122

лар, жер пайдалануды бақылау және қорғау, экологиялық және әлеумет-
тік мониторинг, қала құрылысын жобалау, жерді және инвестициялық
жобаларды бағалау, территорияның дамуын қаржыландыру,
территорияның инженерлік-техникалық инфрақұрылымын қалып-
тастыру, жер учаскесіне салық салу үдерістерінен тұрады.

    Жылжымайтын мүлікті салу, дамыту келесі үдерістер жиынтығы
ретінде қарастырылады: жылжымайтын мүлікті дамыту мүмкін бола-
тын бірнеше варианттардың ішінен ең тиімдісін таңдау, жылжымай-
тын мүлікті дамыту жобасын қаржыландырудың ұтымды схемасын
қамтамасыз ету, рұқсат және келісімдер алу, қаржыландыру, бақылау
және салынатын құрылысты сақтандыру, құрылысқа салық салу, жыл-
жымайтын мүлік объектілерін тіркеу, оны сату әлде жалға беру арқылы
оның қалыптасқандығын қамтамасыз ету.

    Жылжымайтын мүлікті басқару жылжымайтын мүлік объектілерін
ұйымдастыру, пайдалану және басқару үдерістерінен тұрады. Олар,
алдымен жылжымайтын мүлік объектілерін басқаратын заңды немесе
физикалық тұлғаны қалыптастыру, оны басқаруды құқықтық қолдау,
басқаруды ақпараттық қамтамасыз етуден басталады. Тиімді басқару
мақсатында жылжымайтын мүлік объектілеріне қаржылық талдау жә-
не бағалау жүргізіледі. Жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану
және жаңарту қаржыландырылып, техникалық жағынан қолданылады.
Оған салық салынып, сақтандырылады.

    Жылжымайтын мүлік объектілерінің құқық айналымы жүйесі
ұйымдастырылады, жылжымайтын мүлік объектілеріне меншік
құқығын беріліп және келісімдер тіркеледі.

    Жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық айналымы жүйесін
ұйымдастыру үдерісі, бұл жылжымайтын мүлік айналымын-
да ипотекалық несиелеу жүйесін қалыптастыру, оны құқықтық,
ақпараттық қамтамасыз ету, маркетинг, жарнама үдерістері, кәсіпкерлік
құрылымдарды қалыптастыру және дамыту үдерісі болып табылады.

    Жылжымайтын мүлік объектілеріне меншік құқығын беру және
келісімді тіркеу – сатып алу-сату, айырбастау, жалға беру, жалдау, кепіл
немесе сенім үшін мүлікті салу, мұрагерлік, т.б. құқықтар бойынша
жүзеге асырылады.

    Жылжымайтын мүлік объектілеріне меншік құқығы айналымын
қаржыландыру үдерістері жылжымайтын мүлік объектісінің құнын
бағалау, оны сатып алуды несиелеу түрлерін қалыптастыру т.б. тұрады.

    Жылжымайтын мүлік нарығын басқару, осы нарықты зерттеу
негізінде мүмкін болады. Ол заңнамалық және нормативтік, әдістемелік

           122

⇐ МАЗМҰНЫ
   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127