Page 123 - indexf
P. 123

базаны, экономиканы және жылжымайтын мүлік нарығының
ақпараттық кеңістігін зерттеуден тұрады. [Стерник]

    Жылжымайтын мүлік нарығының экономикалық субъектілеріне
сатып алушылар, жалға алушылар, сатушылар, жалға берушілер және
жылжымайтын мүлік нарығының кәсіби қатысушылары жатады.

    Сатып алушылар және жалға алушылар жылжымайтын мүлік
нарығының негізгі субъектілері болып саналады. Олар жеке немесе
заңды тұлға болуы мүмкін, сонымен қатар оның құрамына заң тара-
пында осы операцияны жүзеге асыру мүмкіндігі бар мемлекеттік ор-
гандар кіреді. Жылжымайтын мүлік нарығы негізінен сатып алушы-
лар үшін қызмет етеді.

    Сатушылар және жалға берушілер бұл жылжымайтын мүлік
объектісіне меншік құқығы бар жеке немесе заңды тұлғалар. Мем-
лекет меншікті басқаруға мамандандырылған органдары арқылы са-
тушы ретінде көріне алады. Жылжымайтын мүлік нарығының кәсіби
қатысушылары құрамы осы нарықтағы мемлекеттің қатысуымен
жүзеге асатын үдерістерге және коммерциялық құрылымдардың
қызмет түрлеріне тәуелді.

    Мемлекеттің мүддесін көрсететін және оның атынан әрекет
ететіндер жылжымайтын мүлік нарығының институционалдық
қатысушылары болып саналады.

    Олардың құрамына:

●● жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын
    мәмілелерді мемлекеттік тіркеу органдары;

●● жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және техникалық
    түгендеуді бақылайтын органдар;

●● Жылжымайтын мүлік орталықтары;
●● жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеруді

    жүргізуді және бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік
    объектілеріне кадастрлық нөмір беретін органдар;
●● жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру
    жүргізетін органдар;
●● қала құрылысы, сәулет және құрылыс құралдары және
    коммуналдық қамтамасыз ету арқылы қол жеткізілетін
    адамның мекендейтін және тіршілік ететін толыққанды орта-
    сын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды
    тұрақты дамыту органдары;
●● сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы және тұрғын
    үй-коммуналдық саладағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру,

           123

⇐ МАЗМҰНЫ
   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128