Page 124 - indexf
P. 124

қазіргі жағдайда құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз
         ету және сапасын арттырумен айналысатын Қазақстан Респуб-
         ликасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
         істері агенттігінің органдары;
    ●● жерді пайдалану және жер пайдалануды тәртіпке салатын, жер
         кадастрын қалыптастыратын, территорияны зоналарға бөлетін
         органдар;
    ●● құрылыс жобасын, сәулеттiк түпкi ойы бар сәулет жоба-
         сын, жобалардың мемлекетаралық сараптамасы, жобалардың
         мемлекеттік сараптамасы, жобалар сараптамасы, кешенді қала
         құрылысы сараптамасы органдары;
    ●● сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті
         орган құратын сараптамалық комиссиялар;
    ●● Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жобалар бо-
         йынша және тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын
         сараптамалық жұмыс топтары;
    ●● мәслихаттар бекітетін жобалар бойынша жүзеге асыратын
         әртүрлі деңгейдегі қала құрылысы жобаларына мемлекеттік
         сараптама жасайтын органдар жатады.
    Коммерциялық негізде қызмет ететін жылжымайтын мүлік
нарығының институционалдық қатысушыларына кәсіпкерлер, ин-
весторлар, риэлторлер, девелоперлер, редеволеперлер, тапсырыс
берушілер, сақтандырушылар, жобаларды басқарушылар, сарапшылар,
қаржы институттары, маркетологтар, жылжымайтын мүлік нарығына
қызмет көрсететін ақпараттық технологиялар бойынша мамандар,
жылжымайтын мүлік нарығына мамандандырылған ақпараттық
аналитикалық басылымдар және жалпы ақпарат құралдар, заңгерлер,
персоналдың кәсіби біліктілігін арттыру және оқытумен айналысатын
мамандар, жылжымайтын мүліктің халықаралық және ұлттық кәсіби
бірлестіктерінің мүшелері, қызметкерлері.
    Жылжымайтын мүлік нарығы келісім жасау тәсіліне байланысты
бастапқы, алғашқы және қайталама болып бөлінеді. Алғашқы жыл-
жымайтын мүлік нарығы, бұл жаңадан салынған немесе жаңадан
жасалған және жекешелендірілген объектілермен жасалынатын
келісімдер жиынтығы.
    Қайталама жылжымайтын мүлік нарығы, бұл жылжымайтын мүлік
объектілермен алғашқы рет емес жасалынатын келісімдер, олар алып-
сатуға және жылжымайтын мүлікке құқық меншігінің басқалай ауы-
су формаларына қатысты болады. Алғашқы және қайталама (екінші
қайтара) жылжымайтын мүлік нарығында қалыптасқан коньюнкту-

           124

⇐ МАЗМҰНЫ
   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129