Page 125 - indexf
P. 125

ра бір-біріне әсер етеді. Қайталама (екінші қайтара) жылжымайтын
мүлік нарығында қалыптасқан бағалар, белгілі бір уақытта есептелген
шығындар деңгейінде, жаңа құрылыс салудың болжамды тиімділігін
анықтауға мүмкіндік береді.

    Жылжымайтын мүлік нарығына белгілі бір уақытта қалыптасқан
экономикалық конъюнктура жалпы ұлттық немесе аймақтық деңгейде
әсер етеді, дегенмен алғашқы және қайталама (екінші қайтара) жыл-
жымайтын мүлік нарығының оған қарсы тұру мүмкіндігі әртүрлі.
Қайталама немесе екінші қайтара жылжымайтын мүлік нарығында
бағаның төменгі шегі сатушының қаржы-қаражат жағдайына, оның
табысының жылжымайтын мүлікті ағымдағы күтіп ұстау шығындарын
өтеуге сәйкестігіне, сатып алу бағасына байланысты болады. Сондық-
тан, сұраныс деңгейінің төмендеуіне екінші қайтара жылжымайтын
мүлік нарығы ұсыныс деңгейін қысқарту және баға деңгейін арзандату
арқылы өте тез икемделеді. Алғашқы жылжымайтын мүлік нарығында
баға деңгейінің төменгі шегі құрылыс шығындарына тікелей тәуелді.
Қайталама немесе екінші қайтара жылжымайтын мүлік нарығындағы
икемділік, бұл нарыққа тән бола алмайды, өйткені ұсынысты бір ме-
зетте арттыру әлде азайту күрделі үдеріс болғандықтан, қысқа мерзім
аралығында ұсыныс абсолютті икемсіз болып табылады. Ұсынысты
ұлғайту белгілі бір уақыт мерзімін қажет етеді.

    Жылжымайтын мүлік нарығында тұтыну қасиеттері жоғары
объектілерді сатушылар мен осындай қымбат объектілерді сатып алу-
шылар шектеулі, сондықтан бұл нарық, мүмкіншілігі шектеулі нарық
қатарына қосылады.

Бақылау сұрақтары:

1.	 Жылжымайтын мүлік нарығы түсінігін айтыңыз.
2.	 Жылжымайтын мүлік нарығының негізгі сегменттері қандай?
3.	 Жылжымайтын мүлік нарығына тән ерекшеліктер.
4.	 Жылжымайтын мүлік нарығына әсер ететін факторлар.
5.	 Жылжымайтын мүлік нарығы инфрақұрылымы туралы не білесіз?
6.	 Трансакциялық тәсіл бойынша жылжымайтын мүлік нарығы?
7.	 Инфрақұрылымын қалыптастырудың негізгі мақсаттары неде.
8.	 Жылжымайтын мүлік нарығының институционалдық қатысушылары

     кімдер?
9.	 Коммерциялық негізде қызмет ететін жылжымайтын мүлік нарығының

     институционалдық қатысушылары кімдер?

           125

⇐ МАЗМҰНЫ
   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130