Page 126 - indexf
P. 126

11-тарау. Жылжымайтын мүлік нарығын жетілдіру
                        бағдарламалары

11.1 Жылжымайтын мүлік нарығын дамыту бағдарламалары

    Халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын
үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді түрде шешу мақсатында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымындағы
№821 Қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй – 2020 бағдарламасы»
бекітілген.

    Оның негізгі міндеттері төмендегідей:
    1.	 ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды

         теңгерімді тұрғын үй нарығын жасау;
    2.	 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының

         Заңында белгіленген азаматтардың санаттарын, сондай-ақ жас
         отбасыларын және халықтың қалың жігін тұрғын үй құрылыс
         жинақтары желісі және «Қазақстандық ипотекалық компания»
         ипотекалық ұйым» бойынша жайлылығы 3 және 4 сыныпты,
         оның ішінде аз қабатты бағасы қолжетімді, энергия тиімділіне
         және экологиялық талаптарына жауап беретін тұрғын үй салу
         жолымен тұрғын үймен қамтамасыз ету;
    3.	 жаппай тұрғын үй салу мақсатында, ең алдымен экономикалық
         сынып үшін аумақты кешенді игеру және құрылыс салынған
         аумақты дамыту;
    4.	 тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және
         мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті ынталандыру;
    5.	 тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-
         коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту;
    6.	 жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
    7.	 тозған және авариялық тұрғын үйлерді бұзу мәселесін шешу;
    8.	 азаматтардың коммерциялық емес бірлестіктерінің, оның
         ішінде тұрғын үй құрылысы кооперативтерінің, сондай-ақ жеке
         құрылыс салушылардың тұрғын үй салуын қолдау;
    9.	 энергия үнемдеу және экология талаптарына сәйкес келетін
         қазіргі заманғы жаңа технологиялар енгізу, құрылыс
         материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының
         өндірісін ұлғайту, тұрғын үй құрылысындағы қазақстандық
         қамтудың үлесін арттыру жолымен Қазақстан Республикасын-
         да құрылыс индустриясын дамыту болып табылады. 
    Тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты қабылданған бағдар-

           126

⇐ МАЗМҰНЫ
   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131