Page 127 - indexf
P. 127

ламалардың тиімді іске асуына кері әсер ететін мынадай бірқатар
проблемалар маңызды болып табылады:

    ●● жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар үшін
         жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын қаржыландырудың
         жеткіліксіздігі;

    ●● тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің мүмкіндіктерін
         пайдаланудың жеткіліксіздігі;

    ●● құрылыс индустриясының тиімді нарығы қалыптаспаған;
    ●● халықтың экономикалық жағынан белсенді негізгі топта-

         рын, оның ішінде жас отбасыларын қолжетімді тұрғын үймен
         қамтамасыз етуге мүмкіндіктің жоқтығы.
    Көрсетілген проблемаларды шешу үшін тұрғын үй құрылысының
саласында жаңа бағдарлама әзірлеу қажеттігі туындады. Бағдарламаны
әзірлеуге кіріспес бұрын, бастапқыда халықтың сатып алу қабілетінің,
еңбекақысының және тұрғын үйге бағаның параметрлерін анықтау
қажет болды.
    Экономикалық даму және сауда министрлігі жүргізген 2011 жылы
еңбек және жылжымайтын мүлік нарығын талдаудың қорытындылары
бойынша халықтың сатып алу қабілетінің, еңбекақысының және
тұрғын үйге бағаның параметрлері белгілі болды:
    тұрғын үйдің бір шаршы метрін сатып алу құны:
    1) жаңа тұрғын үйде 156 мың теңге,
    2) қайталама нарықта 113 мың теңге болды.
    Республика бойынша орташа айлық еңбекақы 89 мың теңгені
құрайды.
    Нақты еңбекақы айына 53 мың теңгені құрайды, орташа дәулетті
халықтың сатып алу қабілетін ескере отырып 0,6 түзету коэффициенті
қолданылды. Осы деректердің негізінде 4 адамнан тұратын ор-
таша статистикалық отбасының тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі
қарастырылды, оның екеуі жұмыс істейді және айына 106 мың теңге
нақты табыс табады. Осы отбасының шығыстары 64 мың теңге сома-
сында – бір адамға айына 16 мың теңгеден.
    Пәтер сатып алу үшін бос лимит 42 мың теңге (106 – 64 = 42).
    4 адамнан тұратын отбасы үшін алаңы 40 шаршы метр пәтерге ай
сайынғы төлем ипотекалық қарыз бойынша 15 жыл мерзімге, жылдық
12% бойынша:
    1) жаңа үйде – 86 мың теңге, бұл 42 мың теңге деген қолжетімді
лимиттен 2,2 есе артық;
    2) осындай шартпен қайталама нарықта – 63 мың теңге, бұл
қолжетімді лимиттен 1,6 есе артық.

           127

⇐ МАЗМҰНЫ
   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132