Page 128 - indexf
P. 128

Берілген есептен көріп отырғанымыздай, табысы көрсетілген
деңгейдегі отбасы жекеменшікке тұрғын үй салып ала алмайды.

    Осылайша, халықтың экономикалық жағынан белсенді 8,4 млн. ада-
мы, жұмыс істемейтін 6 млн. астам адам нарықтық жағдайларда тұрғын
үйді сатып ала алмайды. Осы топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету
бойынша жағдай жасау және шара қабылдау Қазақстан Республика-
сында перспективалық негізгі мәселе болып табылады.

    Осы міндеттерді шешу үшін, ең алдымен тұрғын үй құрылысының
көлемін 2020 жылға қарай 10 млн. шаршы метрге дейін ұлғайту
көзделген. Құрылыстың осы көлеміне қол жеткізу үшін индустриялық
әдістерді қолдану жоспарланған. Құрылыстың индустриялық
әдістеріне: ірі панельді үй құрылысы, қалыбы алынбайтын конструк-
циялар және жиналмалы-қаңқалы үй құрылысы түрлерін қолдану
негізделген. Үй құрылысының индустриялық әдістерін пайдала-
ну тұрғын үйдің құнын төмендетуге және құрылыстың мерзімін
қысқартуға мүмкіндік береді.

11.2 Жылжымайтын мүлік нарығына шетелдік тәжірибені
енгізу бағыттары

    Елімізде «Қолжетімді тұрғын үй – 2020 бағдарламасы» бойынша
индустриялық әдістерді енгізу үшін тұрғын үй құрылысы саласында
айтарлықтай табысқа жеткен жақын және алыс шетелдерге – Түркияға,
Белоруссияға, Ресейге, Германия мен Араб Әмірліктеріне шығып,
олардың тәжірибесін еліміздің білікті экономист ғалымдары зерттеді.

    Шетелдік тәжірибені талдау осы елдерде тұрғын үй құрылыс сала-
сына қолдау көрсетілетінін көрсетті:

    Белорусь Республикасында құрылысты ынталандыру үшін мына-
дай жағдайлар жасалған:

    1) құрылыс компанияларын ҚҚС-тан босату;
    2) жер учаскелерін тегін беру;
    3) құрылыс материалдардың бекітілген бағасы;
    4) құрылыс компанияларының бекітілген маржасы 5%-дан артық
емес;
    5) үлестік құрылыс мемлекеттік құрылыс компаниялары арқылы.
    Белоруссияда тұрғын үйді салу негізінен тұрғын үй-құрылыс
кооперативтері мен үлестік құрылыс жүйелері арқылы халықтың
қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мемлекет халыққа жеңілдікті
кредит беру арқылы тұрғын үй құрылысына қатысады. Оның сыйақы

           128

⇐ МАЗМҰНЫ
   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133