Page 129 - indexf
P. 129

ставкасы жылдық 1%-дан 5%-ға дейін, мерзімі 20 жылдан 40 жылға
дейін және азаматтардың басым құқық берілген санаттары үшін аз
көлемде әлеуметтік тұрғын үй салады, ол мемлекеттің меншігінде
қалады.

    Белоруссияда 2006-2010 жылдары 8 үй құрылысы комбинат-
тарын қайта жаңарту бойынша жұмыс жүргізілген. Үй құрылысы
комбинаттарының индустриялық әдістерді: ірі панельді үй құрылысы,
қалыбы алынбайтын конструкциялар және жиналмалы-қаңқалы
үй құрылысы қолдану арқылы құрылысты жүзеге асырады. Үй
құрылысының индустриялық әдістерін пайдалану тұрғын үйдің құнын
төмендетуге және құрылыстың мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

    Ірі панельді үй құрылысы есебінен қазіргі заманғы технологиялар-
ды пайдаланып, тұрғын үйді жылдам және сапалы салуға болады. 

    Ресей Федерациясында Үкіметтің қаулысымен бекітілген
2011-2015 жылдарға арналған «Жилище» федералдық мақсатты
бағдарламасы қабылданған. Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік
даму институтары қатысады. Внешэкономбанк, Тұрғын үйге
ипотекалық кредит беру жөніндегі агенттіктің қолдауымен тұрғын үй
құрылысындағы ипотеканың қолжетімділігіне, тұрғын ғимараттарды
күрделі жөндеу проблемаларын ішінара шешуге және Тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылығын реформалауға көмек көрсету қорының
көмегімен авариялық қордан азаматтарды көшіруге ықпал етті. Ре-
сей Федерациясында Внешэкономбанктың қатысуымен кешенді
құрылыс салудың озық жобаларының инфрақұрылымын мемлекеттік
қаржыландырудың практикалық тәжірибесі қалыптастырылған.
Қолжетімді тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында Внешэ-
кономбанк тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын күрт төмендетуге
мүмкіндік беретін инновациялық құрылыс материалдары өндірісі
саласындағы жобаларды іске асыруға белсенді қатысып жатыр.

    Жалпы, құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту стратегиясы-
ның шеңберінде тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін
Ресейде өткен 2 жыл ішінде құрылыс материалдарын шығаратын 700
жаңа кәсіпорын (соның ішінде: 2010 жылы – 300 кәсіпорын, 2011
жылы – 400 кәсіпорын) іске қосылды.

    Бүгінгі күні РФ-да 2020 жылға дейінгі жаңа бағдарлама әзірленіп жа-
тыр. Мұнда тұрғын үйдің жалға берілетін секторын, яғни мемлекеттік
және жекеменшік түрлерін дамытуға ерекше мән беріледі.

    Бүгінгі күні негізінен азаматтарға тиесілі тұрғын үй-жайлардан
жекеменшік жалға берілетін тұрғын үй нарығы қалыптасқан және
сараптамалық бағалау бойынша ол тұрғын үй қорының 8-10% болады.

           129

⇐ МАЗМҰНЫ
   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134