Page 130 - indexf
P. 130

01.01.2012 жылы жағдай бойынша РФ тұрғын үй қоры 3,2 млрд. шар-
шы метр.

    Осы саладағы мемлекеттік саясаттың басымдығы тұрғын үй-
жайлар ең алдымен ұзақ мерзімді жалға берілетін, яғни бес жылдан
астам уақытқа, жекеменшік тұрғын үй қорын дамыту үшін жағдай
жасау және нарықтағы барлық қатысушылар үшін тең жағдайды
қамтамасыз ету кезінде жалға берілетін тұрғын үйдің сегменттерін,
жеке жалға берушілерді және бизнес-жалға берушілерді интеграция-
лау болып табылады.

    Халықтың жалға берілетін тұрғын үйге сұранысының артуы бо-
йынша бизнес-жалға берушілердің жалға беруіне арналған жекеменшік
үйлер – табыс әкелетін үйлер салуға жағдай жасалатын болады. Бұл рет-
те, даму институттарының міндеттері тұрғын үйді жалдау нарығында
кредит берудің және қайта қаржыландырудың нарықтық тетіктерін жа-
сау болып табылады.

    Жалға берілетін тұрғын үйге болжамды сұраныс РФ бойынша 700
млн. шаршы метр.

    «Корпоративтік жалдауды» дамыту үшін өз қызметкерлері үшін
жалдау қорын қалыптастыратын шаруашылық субъектілерін қолдау
ұсынылып отыр.

    Жекеменшік компаниялардың кейін жалға беру үшін жалға
берілетін тұрғын үй салуын мынадай шарттар бойынша жүзеге асыру
ұсынылып отыр:

    1) инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген тегін
берілген жер учаскесінде. Мұнда 1 шаршы метрдің өзіндік құны көп-
шілік өңірлер үшін 22 000 рубльден төмен болады (шамамен 110 мың
теңге);

    2) мемлекет инвесторға жылына 10% кіріске кепілдік беруге тиіс,
бұл нарықтағы кірістен сәл жоғары. 2020 жылға қарай жалға берілетін
тұрғын үйдің қоры тұрғын үй қорының шамамен 15%, оның ішінде
бизнес-жалға берушілер жалға беретін тұрғын үйдің үлесі – 5-7% бо-
лады деп есептеулер жүргізілген.

    Германияның тұрғын үй нарығында келесі тренд байқалған: жалға
берілетін тұрғын үйдің өте көп болуы, ауылдық тұрғын үйден қалалық
тұрғын үйге тұтынушылық басымдықтың араласып кетуі, пәтерлердің
пайдасына меншікті үйлерге қызығушылықтың төмендеуі.

    Жекеменшік тұрғын үй кез келген адамның мақсаты екеніне
қарамастан, Германияның көпшілік тұрғындарының оны іске асыруға
мүмкіндігі жоқ. Оған бірнеше факторлар кедергі келтіреді. Бір
жағынан, жеке тұлғалардың тұрғын үйді сатып алуын ынталандырудың

           130

⇐ МАЗМҰНЫ
   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135