Page 131 - indexf
P. 131

мемлекеттік бағдарламасы тоқтатылатын болады. Екінші жағынан,
жалдау нарығындағы бағаны мемлекет реттейді және оны төменгі
деңгейде ұстап тұрады.

    Демографиялық алға жылжу, төмен ипотекалық ставкалар және
икемді кредиттік саясат болғанымен жағдай үнемі өзгеріп отырады,
бүгінгі күні немістердің 43%-ында ғана жекеменшік тұрғын үй бар.
Осы көрсеткіш Еуроодақ бойынша орташа деңгейден төмен.

    Тұрғын үй саясаты көп балалы отбасылар, жалғыз басты ата-аналар
және т.с.с. сияқты «осал топтарға» арналған мемлекеттік қолдаумен
тығыз байланысты. Мұнда тұрғын үйді жалдау үшін субсидия беруге
емес, құрылыс салуға ерекше назар аударылады. Бүгінгі күні Германия-
да халықтың жартысынан көбі тұрғын үйді жалдап тұрады.

    Сонымен қатар, Германияда құрылыс саласына және құрылыс ма-
териалдары өндірісіне жаңа технологияларды енгізуге басты назар
аударылады. Германиядағы құрылыс саласындағы ірі өнеркәсіптік
компаниялардың бірі – «В.Т. innovation GmbH» және «EBAWE».
Компаниялардың негізгі қызметі – ғимараттар құрылысының әртүрлі
әдістері бойынша темірбетон бұйымдарының зауыттары үшін
жабдықтар дайындау және жеткізу. 

    Түркияда тұрғын үй саясатын реттеу саласындағы негізгі уәкілетті
орган:

    1) қоғамдық жұмыс және тұрғын үй құрылысы министрлігі;
    2) Түркияның тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі басқармасы.
    Министрліктің негізгі функциясы:
    –– мемлекеттік қаражат есебінен қаржыланатын құрылысқа

         жетекшілік ету жоспарлау, тендерлер өткізу, бақылау және
         пайдалануға қабылдау;
    –– құрылыс саласында лицензия беру, осы саланы реттеу және
         стандарттарды бекіту.
    Түркияның тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі басқармасы-
ның негізгі функциясы – құрылыс жобаларын қаржыландыру арқылы
табысы орта және төмен азаматтар үшін тұрғын үй нарығының
сұранысын қамтамасыз ету. Оның қызметінің басты саласының бірі
«Кедей аудандарды қайта құру және Түркияның қалалық аудандарын
жаңарту жөніндегі жобалар». Ол бойынша жергілікті әкімшілік бұзған
үйлерді немесе бұзуға ұсынылған кедей аудандарды қайта салады.
    Қолданыстағы тұрғын үй құрылысы саясатына және тұрғын үй
сатып алуға қатысты үкіметтік шешімді іске асыру үшін, Түркияның
тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі басқармасының әзірлеген
қаржы моделі қызығушылық туғызып отыр. Бұл қаржы моделі

           131

⇐ МАЗМҰНЫ
   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136