Page 132 - indexf
P. 132

«кірістерді қайта бөлу» моделі деп аталады. Мұнда, осы басқарманың
қармағындағы жер учаскелеріне тұрғын үй салу арқылы жеке сек-
тормен ынтымақтастықта халықтың табысы жоғары топтары тұрғын
үймен қамтамасыз етіледі, ал алынған кіріс халықтың төмен және орта
деңгейде табысы бар топтары үшін құрылыс жобаларына жұмсалады.

    Осы модель жеке серіктеспен бірлесіп сатудан түскен кірістерді
бөлуге негізделген. Бұл тұрғын үй салу жөніндегі әлеуметтік
бағдарлама қазіргі нарық жағдайларында тұрғын үй сатып алу үшін
қаржы қаражаттары жоқ төмен және орта деңгейде табысы бар
отбасыларға арналған.

    Осы жүзеге асырылатын тұрғын үй жобалары:
    1) 14% жобалар «Кірістерді қайта бөлу әдісімен қаражат жинау»
бағдарламасы бойынша;
    2) 86% жобалар «Әлеуметтік тұрғын үй» бағдарламасы бойынша
бөлінеді.
    Аталған әлеуметтік тұрғын үй жобаларының бенефициарлары
құрылысты бастауға алғашқы жарна төлейді. Көпшілік жобалар үшін
осы көрсеткіш мемлекеттік сектордағы жалақының индексі болып
табылады, ал оның кредиттерін төлеу мерзімдері нысаналы топтың
қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты, орта есеппен 10-15-20 жыл
деп белгіленеді.
    Түркияда құрылыс материалдарының секторы өте жақсы дамыған
және Түркия тауарлары мен материалдарының құрылыстағы үлесі, ша-
мамен 95%.
    Шетелдік тәжірибені ескере отырып, «Қолжетімді тұрғын үй –
2020» бағдарламасын табысты іске асыру үшін Қазақстанда тұрғын үй
құрылысы көлемінің жоспарланған өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін құрылысты одан әрі индустрияландыру жөніндегі шаралар
көзделіп отыр.
    Беларусь Республикасының «Атаев С.С. атындағы НИПТИС –
тұрғын үй институты» мемлекеттік кәсіпорнымен Қазақстан Респу-
бликасы кәсіпорындары арасында келіссөздер жүргізу қарастырылған.
Алдын ала келісім бойынша біздің қатысуымызбен Қазақстанда осы
институттың филиалын ашуға шешім қабылданды. Бұл бастапқы
қадам, одан кейін кадрлар және тиісті база даярланады, дербес инсти-
тут ашу жоспарланып отыр.
    Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігінің, әкімдіктердің және Беларусь Республикасындағы
әріптестердің қатысумен Қазақстанның аумағында үй салу комбинат-

           132

⇐ МАЗМҰНЫ
   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137