Page 133 - indexf
P. 133

тарын оңтайлы орналастыру мәселелері және тұрғын үй институты
филиалдарын ашу қарастырылған. Бұл бастапқы қадам, одан кейін кад-
рлар және тиісті база даярланады, дербес институт ашу жоспарланған.

    Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде облыстар,
Астана және Алматы қалалары әкімдері орынбасарларының, мүдделі
мемлекеттік органдардың және заңды тұлғалардың қатысумен неміс
тауар өндірушілермен кездесулер өткізілген. Осы кездесулерде үй
салу комбинаттарының жаңа технологиялары таныстырылып және
Германияның тауар өндірушілермен келісімге қол жеткізілген.

    Бұдан басқа, импорт алмастыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін
Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс ма-
териалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған 
бағдарламаның шеңберінде табақты шыны және керамикалық тақталар
шығаратын жаңа өндірістер салу, радиаторлар және арматуралар,
санитарлық-техникалық бұйымдар мен құбырлар, сондай-ақ басқа да
материалдар мен бұйымдар өндірісін ұлғайту көзделген.

    Индустриялық үй құрылысын дамыту және импорт алмастыру
жөніндегі шаралар тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырудың маңызды
факторы болып табылады, өйткені ол тұрғын үйдің құнын төмендетуге
және құрылыстың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

    Атап айтқанда, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру арқылы
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының шеңберінде
еліміздегі азаматтардың әртүрлі санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз
ету үшін жағдай жасау деген мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты
мақсаты шешілетін болады.

    Тұрғын үйдің қолжетімділігін мемлекеттік қолдау мынадай шара-
ларымен қамтамасыз етілетін болады:

    1) мемлекет басым параметрлерде тұрғын үй құрылысының жоба-
ларын іске асыруды қолдайды;

    2) құрылыс салушыларға инженерлік коммуникация жүргізілген
жер учаскелері беріледі;

    3) табысы жоғары емес азаматтарға тетіктер мен қаржы құралдары
ұсынылатын болады;

    4) жобалаушыларға, құрылысшыларға, құрылыс материалдарын
өндірушілерге озық технологияларды қолдану үшін қолайлы жағдай
жасалатын болады.

    Мемлекеттік тұрғын үй салудың және оның ақысын төлеудің қолдау
шеңберінде «Қолжетімді тұрғын үй – 2020 бағдарламасы» бойынша
мына басым параметрлері болмақ:

    1) тұрғын үйдің алаңы – 35 шаршы метрден 75 шаршы метрге дейін;

           133

⇐ МАЗМҰНЫ
   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137   138