Page 135 - indexf
P. 135

12-тарау. Жылжымайтын мүлік нарығын мемлекеттік реттеу

12.1 Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікті
мемлекеттік тіркеу

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі
қатынастарға «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тір-
кеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі
№310 Заңы қолданылады.

    Жылжымайтын мүлік құқықтары, құқықтар ауыртпалықтарының
туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы, сондай-ақ заңдық талаптар
құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады. Жылжымайтын
мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу дегеніміз – аталған Заң мен
өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымай-
тын мүлікке құқықтардың, құқықтар ауыртпалықтарының туындауын,
өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік
тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының
міндетті рәсімі.

    Құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын
мүлік құқықтарына: меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу құқығы,
оралымды басқару құқығы, кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану
құқығы, үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын
мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар
жатады. 

    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы
27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгізілген Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексінің 196-бабында шаруашылық
жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және
бұл мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын жүзеге
асыратын мемлекеттiк кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады.

    Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың
келісімімен көзделген тәртіппен туындаған және құқық иесінің жыл-
жымайтын мүлікке иелік ету, пайдалану және билік ету құқығын шек-
теуде көрінетін жылжымайтын мүлікке құқықты кез келген шектеу
жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығы деп аталады.

    Жылжымайтын мүлікке құқықтардың мынадай ауыртпалықтары
құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады: [54.5-бап]

    1) кемінде, бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, соның ішінде
жалға беру, өтеусіз пайдалану, сервитуттар, өмір бойы қарауында ұстау
құқығы;

           135

⇐ МАЗМҰНЫ
   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140