Page 204 - indexf
P. 204

кадастрды жүргізу үшін қажетті техникалық, сәйкестендіру сипатта-
маларын айқындау;

    Жақсартылған жерлер – жер учаскесінің сапалық қасиетін және
оның құнын өзгертуге әкелетін қандай да бір іс-шаралар нәтижелері.
Жақсартылған жерлерге оларды құнсыздандырмау және нысанасын
өзгертпей көшірілуі мүмкін болмайтын жер учаскелерінің шекарала-
рында орналасқан материалдық объектілер, сондай-ақ шаруашылық
қызметтің немесе белгілі бір жұмыс түрін жүргізу нәтижелері
(рельефті өзгерту, топырақты жақсарту, егінді, көпжылдық екпелерді,
инженерлік инфрақұрылымды орналастыру және жақсартуларға
қатысты жұмыстардың басқа түрлері) жатады;

    З
    Заем бойынша сыйақы ставкасы – тұрғын үй құрылысы
жинақ банкіне тиесілі ақшаның жылдық мөлшерін есептеуден негізгі
борышқа проценттік қатынаста тұрғын үй құрылысы жинақ банкі бер-
ген заем үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы мен банк заемы ту-
ралы шарттар бойынша салымшы төлейтін проценттік ставка;
    Заңдық талаптар – жылжымайтын мүлікке құқықтарға, оны-
мен жасалатын мәмілелерге қатысты үшінші тұлғалардың даулауы не
мүддесінің бар екендігін айғақтайтын заңдық фактілер;

    И
    Инженерлiк инфрақұрылым – адамдардың тiршiлiк етуi,
сондай-ақ өндiрiстiң немесе тауарлар мен көрсетiлетiн қызмет
айналымының тұрақты жұмыс істеуі үшiн қалыпты жағдай туғызатын
кәсiпорындардың, объектiлердiң, инженерлiк және коммуналдық
қамтамасыз ету коммуникацияларының және желiлерiнiң жиынтығы;

    К
    Кадастрлық құн – жер учаскесін кадастрлық бағалауды жүргізуді
реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген
және бекітілген жаппай бағалау әдісімен анықталатын мемлекеттік
кадастрлық бағалау үдерісіне бекітілген жылжымайтын мүліктің
нарықтық құны;
    Кадастрлық құн – жаппай бағалау амалымен айқындалған,
кадастрлық бағалауды жүргізуді реттейтін заңнамаға сәйкес бекітілген,
жылжымайтын мүлікті мемлекеттік кадастрлық бағалау үдерісінде
белгіленген нарықтық құн. Кадастрлық құнды бағалаушылар салық
салу мақсатында айқындайды;

           204

⇐ МАЗМҰНЫ
   199   200   201   202   203   204   205   206   207   208   209