Page 205 - indexf
P. 205

Кадастрлық нөмір – жылжымайтын мүлік объектісінің Қазақстан
Республикасының аумағындағы жеке, қайталанбайтын нөмірі;

    Кәдеге жарату құны – экономикалық жарамдылық мерзімінің
соңындағы, яғни мүлікті пайдалану қауіпті немесе керексіз болып
қалғандағы, яғни жөндеуге кететін шығындары оның бастапқы құнның
80%-ынан асатын нарықтық құны;

    Кепiлдi мерзiм– құрылыс салушы жобалау-сметалық құжаттамада
көрсетiлген құрылыс объектiсi көрсеткiштерiнiң сапасын сақтауға
және тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шартқа сәйкес
құрылыс объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiне кепiлдiк беретiн уақыт; 

    Кепіл құны – бағалаушы белгілеген мүліктің ипотекалық құнынан
үлес ретінде банк дербес айқындаған мүлік кепіліне берілетін кредит
сомасы;

    Кешенді қала құрылысы сараптамасы – сәулет, қала құрылысы
және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган құратын сараптамалық
комиссиялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жоба-
лар бойынша және тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын
сараптамалық жұмыс топтары мәслихаттар бекітетін жобалар бойын-
ша жүзеге асыратын әртүрлі деңгейдегі қала құрылысы жобаларының
мемлекеттік сараптамасы;

    Көлiк инфрақұрылымы – көпiр, тоннель және өзге де көлiк
құрылыстарының, жол тарамдары мен жол өткiзгiштерiнiң, реттеушi
белгi беру құрылғыларының, байланыстың, көлiк жұмысының
инженерлiк қамтамасыз ету, жүктердi, жолаушыларды тасымалдайтын
көлiк құралдарына қызмет көрсету, өндiрiстiк және қызмет көрсетушi
адамдардың функционалдық қызметiн қамтамасыз ететiн объектiлер-
дiң, қойма үй-жайлары мен аумақтардың, санитарлық-қорғаныш және
күзет алаңдарының, сондай-ақ көрсетiлген бағыттағы жолдарға және
жылжымайтын мүлiк объектiлерiн қамтитын объектiлерге заңдарда
бекiтiлген жерлердiң кешенi бар жерүстi (автомобиль және (неме-
се) темiр) жолдарының, су (теңiз және (немесе) өзен) жолдарының
жиынтығы;

    Көпжылдық екпелер – егу орындарында өсірілетін, бір жылдан
артық өмір сүретін немесе бір жылғы мәдени циклдағы ағаштар мен
бұталарды қамтитын табиғи-заттай белгісі бойынша негізгі қорлар
түрі. Жүзімдіктер немесе жеміс-жидек бау-бақшалары мысал бола
алады. Мүлік объектілерінің осы түрлерінде амортизацияланатын
активтерді білдіретін егу орындарына едәуір күрделі инвестициялары
болуы мүмкін.

    Кепілдікті мерзім – құрылыс салушы тұрғын үй құрылысына

           205

⇐ МАЗМҰНЫ
   200   201   202   203   204   205   206   207   208   209   210