Page 206 - indexf
P. 206

үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес жобалау (жобалау-сметалық)
құжаттамасында көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштерінің са-
пасын сақтауға және құрылыс объектісін (тұрғын жайды) пайдалану
мүмкіндігіне кепілдік беретін уақыт;

    Комиссиялық алым – тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы
шарт жасасу бойынша көрсеткен қызметі үшін тұрғын үй құрылысы
жинақ банкіне салымшы төлейтін ақша;

    Коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта)
көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды,
электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен
лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

    Коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға
беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті
атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;

    Кондоминиум – үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың,
мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға
ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжы-
майтын мүлікке меншіктің нысаны; 

    Кондоминиум объектісі – жер учаскесінен (жер учаскелерінен),
бастапқы және кейінгі объектілерден тұратын, Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке
меншік белгіленетін кондоминиум нысанындағы мүліктік кешен;
кондоминиум объектісі – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің
дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан
және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен
тұратын біртұтас мүліктік кешен; 

    Кондоминиум объектісін күтіп ұстау – кондоминиум объектісін
басқару органымен жасасқан шартқа сәйкес сервистік қызмет
субъектісі іске асыратын ұйымдастырушылық және техникалық іс-
шаралар жиынтығы;

    Көше – екі жолақты көлік жүретін бөлікті, жолдың шет жақтары,
кювет пен қорғаушы бермаларды қосқандағы көлік және жаяу
жүргіншілер қозғалысына арналған аумақ;

    Қ
    Қайталама жылжымайтын мүлік объектісі – бастапқы объекті-
нің бөлігі болып табылатын тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар;
    Қала құрылысы элементінің санаты – объектінің функционал-
дық қала құрылысы мақсатты мен ерекшелігін сипаттайтын қала
құрылысы элементі атауының ажырамас бөлігі;

           206

⇐ МАЗМҰНЫ
   201   202   203   204   205   206   207   208   209   210   211