Page 207 - indexf
P. 207

Құрылым – табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар
және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды
орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша
орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе
коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жа-
санды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi,
су бетi және (немесе) жер асты, су асты);

    Қоныс учаске – белгiленген тәртiппен жеке тұрғын үй орналасты-
ру және шаруашылық жүргiзу үшiн азаматқа берiлген жер учаскесi.

    Қоныс учаскесiндегi жылжымайтын мүлiк – инженерлiк
инфрақұрылымды (соның iшiнде құрылысы аяқталмағандарды) қоса
алғанда, азаматқа меншiк құқығында тиесiлi салынып жатқан тұрғын
жайлар мен басқа да құрылыстар, жасыл желектi екпелер және жер
учаскесiнен бөлiнбейтiн өзге мүлiк. 

    Қосымша жалдаушы – тұрғын үйдi қосымша жалдау шартындағы
тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн жалдаушыдан тұрақты немесе
уақытша пайдалануға алатын тарап.

    Құрылыс салушы – өзіне меншік құқығымен немесе жергілікті
атқарушы орган берген жер пайдалану құқығымен тиесілі жер
учаскелерінде тұрғын жайлардың үлестік құрылысын ұйымдастыру
жөніндегі қызметті үлескерлердің ақшасын тарта отырып, әрбір тұрғын
жайды салу үшін жобалау компаниясын құру арқылы жүзеге асыратын
заңды тұлға;

    Құрылыстар – адамның болуына, жылжымалы мүлікті
орналастыруға, материалдық құндылықтарды сақтауға, өндірісті
жүзеге асыруға арналған үй-жайлар орналасқан жақсартылған жерлер
және басқа түрлері;

    Құрылыстар – құрылымдар мен үй-жайларға жатпайтын, арнайы
техникалық функцияларды орындауға арналған жақсартылған жерлер
(бөгендер, туннельдер, эстакадалар, көпірлер және өзге де түрлер);

    Құрылысы аяқталмаған объектілер – құрылысы аяқталмаған күйде
тұрғандықтан іс жүзінде пайданылмайтын құрылымдар, құрылыстар
немесе тарату құрылғылары;

    Құрылыс салушы – өзiнiң меншiк құқығындағы жер учаскесiнде
тұрғын ғимарат салуды ұйымдастыру үшiн жеке және заңды
тұлғалардың ақшалай қаражатын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асы-
ратын заңды тұлға; 

    Қабылдау комиссиясы – құрылысы аяқталған объектінің
дайындығын белгілейтін және құжаттамалық растайтын және салынған
объектiнi пайдалануға қабылдайтын уақытша алқалы орган;

           207

⇐ МАЗМҰНЫ
   202   203   204   205   206   207   208   209   210   211   212