Page 80 - indexf
P. 80

риэлторлық бірлестік тұтынушымен жазбаша келісімшартқа отырады.
Қозғалмайтын мүлікке тұтынушыны анықтау, өзгерту немесе тоқтату
құқығына бағытталған риэлторлық бірлестік пен тұтынушы іс-әрекеті
келісім деп аталады. Бірлескен келісім дегеніміз екі риэлтор не одан
да көп риэлторлық бірлестіктер ұсынған келісімдегі тілектердің да-
йындалуы мен өткізілуі, келісілген келісімшарт пен бірлескен келісім
жасау туралы келісімшартына сәйкес өздерінің міндеттерінің орында-
лу шартына дейінгі әрекеттегі келісім. Келісім шарт жағын анықтау,
келісімшарт объектісі, қызмет құны мен есеп айырысу тәртібі,
жақтардың құқығы, міндеті мен жауапкершілігі, келісімшарт мерзімі,
келісімшарттың бұзылу шарттары, келіспеушіліктерді шешу тәртібі
тарауларынан тұрады.

    Риэлторлық қызмет көрсету туралы келісімшарт жақтары болып
орындаушы – риэлторлық бірлестік басқарушысы немесе келісімшартқа
қол қоюға құқылы басқа тұлға мен клиент – риэлторлық қызмет пайда-
ланатын тұтынушы саналады.

    Келісімшарт объектісі, келісімшартта анықталған риэлторлық
қызметтің тізімі болып табылады. Келісімшартта қызметтің құны неме-
се оны анықтау тәртібі көрсетіледі. Риэлторлық компаниялар ұсынатын
қызмет ақысы республика бойынша келісімнің 3%-ын құрайды.

    «Қазақстан Риэлторлары Бiрлескен қауымдастығы» заңды тұлғалар
бірлестігі мысалында қарастыратын болсақ, мекемеге деген талаптар
мен риэлторлық қызметтің орындалуы төменде көрсетілген талаптарға
сай жүзеге асырылады:

    ●● риэлторлық бірлестіктер, риэлторлар өздерінің қызметін
         тұтынушыларға, кәсіби қарым-қатынастағы тұлғаларға, соны-
         мен қатар қоғам мен мемлекетке деген қатынасын адамгершілік,
         шыншылдық және сыйластық негізінде іске асырады.

    ●● риэлторлық қызмет көрсету қазіргі заң талаптарына сәйкес
         болуы керек. Ол жылжымайтын мүлік саласына, азаматтық
         айналымға, қалыптасқан Үлгіге, этика кодексі мен басқалай
         құжаттарына, іскерлік этика тәжірибесіне де қатысты.
         Келісілген келісімшарт бойынша тұтынушының тілектерін
         таныстыра отырып, риэлторлық бірлестіктер мен риэлторлар
         заңға және өздерінің міндеттеріне сәйкес қатаң түрде жұмысын
         атқарады.

    ●● заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасы
         заңына сәйкес белгілі тәртіп бойынша тіркелген риэлторлық
         қызмет көрсетуі қажет.

    ●● риэлторлар тұтынушыға заңға сәйкес тіркелген тәртіп бойынша

           80

⇐ МАЗМҰНЫ
   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85