Page 79 - indexf
P. 79

–– жылжымайтын мүлік объектілерімен келісім жасау құжаттарын
       дайындау;

   –– жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы мәліметтер беру;
   –– жылжымайтын мүлікті сатып алушы мен жалға алушыны іздеу;
   –– жылжымайтын мүліктің басқа нұсқаларын іздеу және т.б.;
   –– тапсырыстық базаны жүйелі түрде толықтырып отыру.

    Республикамызда «Қазақстан Риэлторлары бiрлескен қауым-
дастығы» заңды тұлғалар бірлестігі қалыптасқан. Ол қауымдастыққа
кіретін риэлторлардың кәсіпкерлік бағыттағы мақсаттарын жүзеге
асыру үшін белгілі бір тәртіппен құрылған және тіркелген риэлторлық
бірлестіктердің кәсіби ұйымы. Риэлторлық бірлестік, бұл риэлторлық
қызмет көрсететін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер. Риэлторлық
компаниялардың қызметі жылжымайтын мүлік саласына кәсіпқой ма-
мандарды тарта отырып, бәсекелестігі жоғары жылжымайтын мүлік
нарығын қалыптастыру болып табылады. Олар «Жылжымайтын мүлік
нарығындағы риэлторлық қызмет көрсету» талаптарын сипаттай-
тын үлгі қалыптастырған. Үлгі [56] риэлторлық бірлестіктер, риэл-
торлар және риэлторлық қызметті тұтынушылар арасындағы қарым-
қатынаспен қатар, риэлторлық бірлестіктердің бірлескен келісімдері
бойынша жасалған жұмыстарының орындалуын реттейді. Риэлторлық
қызмет көрсететін риэлторлық бірлестіктің қызметкері риэлтор бо-
лып саналады. Риэлтор дегеніміз – жылжымайтын мүлiк нысандары-
на қатысты шараларды жүзеге асыру саласында арнайы бiлiм алған
маман. Ағылшын тiлiнде «realty» сөзi «жылжымайтын мүлiк» деген
мағына бередi және «жылжымайтын мүлiктi сататын агент» деген де
ұғымға ие. Бұл сөздiң шығу төркіні АҚШ-тағы Риэлторлардың ұлттық
ассоциациясының құрылуымен байланысты.

    Риэлтор жұмысы негізінен тұтынушыларға кеңес беріп, қызмет
көрсету туралы келісімшарт жасау, тапсырыс берушінің сұранысына
қанағаттандыру мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі
түрде жарнамалар, көрмелер ұйымдастыру, барлық мәмілелерді
бақылауда ұстау міндеттерін қамтиды.

    Риэлторлық қызмет жылжымайтын мүлік нарығына тікелей бай-
ланысты барлық салаларға тәуелді. Риэлторлық қызметтің дамуы-
на еліміздегі тұрғын үй саясаты, тұрғын үй құрылысына арналған
жинақтау жүйесі, оны сақтандыру, екінші деңгейдегі банктердің
ипотекалық саясаты әсер етеді. Риэлторлық қызмет көрсетуге байла-
нысты келісімшарт риэлторлық қызмет көрсету негізі болып табы-
латын риэлторлық бірлестік пен тұтынушы арасындағы азаматтық-
құқықтық құжат болып табылады. Риэлторлық қызмет көрсету үшін

           79

⇐ МАЗМҰНЫ
   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84