Page 81 - indexf
P. 81

риэлторлық қызмет көрсетуі қажет. Келісімшартта екі жақтың
    да құқығына қысым көрсететіндей нормалары мен талаптары
    болмауы керек. Риэлторлық бірлестік өзінің тәжірибесінде Ас-
    социациямен келісіліп, бекітілген түрлі келісім шарт немесе
    жеке келісім шарттарды қолдана алады.
●● риэлторлық бірлестіктер, риэлторлар тұтынушы алдында, өз ара-
    ларында келісімшартта анықталғандай көрсетілген қызметтің
    мөлшері мен талаптарына сәйкес сапаға, мәліметтерді құпияда
    сақтауына жауапты. Жауапкершілік мөлшері келісімшарт та-
    лаптары мен заңға сәйкес анықталады.
●● риэлторлық бірлестіктер мен риэлторлар, келісімдегі жылжы-
    майтын мүлік объектілеріне, риэлторлық қызмет көрсетуге
    толық құқылы.
●● тұтынушыға риэлторлық қызмет көрсететін риэлторлық
    бірлестіктердің заңды түрде тіркелінген, санитарлық,
    гигиеналық ережелерге сай болатын тұрақты немесе уақытша
    пайдаланып жүрген жұмыс орны болуы керек. Риэлтордың
    арнайы бөлмеде тұтынушымен емін-еркін келіссөз жүргізуге
    мүмкіндігі болуы керек.
●● риэлторлы бірлестіктер тұтынушыларға өзінің қызметі мен
    заңға сәйкес тіркелген тәртіп бойынша көрсетілген риэлторлық
    қызмет туралы мәліметтерін қарап отыруға рұқсат беруі керек,
    сонымен қатар тұтынушыға ең алдымен төмендегі құжаттарды
    ұсынады:

         –– мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын құжат;
         –– беттері нөмірленген, тігілген шағым және ұсыныс

              кітабы;
●● риэлторлық қызметтің құны көрсетілген құжат.
●● риэлторлар қызмет көрсету тәртібі мен тұтынушылардың

    арыз, шағымдарын қарастыру тәртібін білуі қажет. Риэлторлық
    бірлестік, риэлтор тұтынушыға ауқымды әрі жылдам арыз,
    шағымдарды қарастыруға мүмкіндік беру тәртібін орнату ке-
    рек. Риэлторлық бірлестік, риэлтор тұтынушының жазбаша
    арыз, шағымын қабылдап, қарастырып, оған алынған күннен
    бастап, 7 жұмыс күннің ішінде жазбаша жауап береді;
●● риэлторлық бірлестік жұмысының нәтижесін жақсарту
    мақсатында аттестация ережесіне сәйкес аттестация өткізеді.

           81

⇐ МАЗМҰНЫ
   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86